Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі түрік баспасөзінде Анкарадағы опасыз шабуыл кең орын алды.

450287
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Жексұрынсыңдар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда террор ұйымдары Анкарада жазықсыз адамдарды нысанаға алды. Бас қаланың орталығы Кызылай жексұрындардың шабуылына ұшырады. Бомба орналастырған көлікті айдап жатқанда, бірінен соң бірі аялдамада жолаушыларды түсірген қоғамдық көліктердің қасында жарды. Бомба тасыған жанкештінің әйел екені анықталды. Шабуылды аңдып отырған тағы бір террорист бар екені және полицияның ізіне түскені білдірілді.

Стар газеті «ПКК-лық әйелге тиесілі бір саусақ ізі табылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкарадағы қасақана шабуылдың артынан оқиға орнында жасалған тергеу жұмыстарында табылған бір саусақ ПКК террор ұйымына 2015 жылы қосылған бір әйелдікі болып шықты. Шабуылдың біреуі әйел, екі террорист тарапынан жасалғаны алға тартылады. Қауесеттерге қарағанда еркек шабуылдаушы бомба орналастырған көлікті айдап жатқанда, екінші бір жанкешті жарылыс үшін оқиға орнында екен. Бірақ шабуыл кезінде жанкешті әйел террорист үстіндегі бомбаны жара алмай қаза тапты.

Хабер түрік газеті «Шабуылдың дайындықтары Ирак пен Сирияда жасалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда барлау ұйымы тарапынан Сур, Идил және Нусайбинде өкінішті жағдайға ұшыраған террор ұйымының жоғары деңгейдегі лауазымдылардың Наурыз алдында шабуыл жасауға шешім қабылдағанын білдірген еді. Соңғы күндері ПКК-ның бомба орналастырған 6 көлікпен шабуылға дайындалғаны жайлы ақпар мекемелерге жіберілген және әсіресе Шығыс пен Оңтүстік шығыс Анадолы қалаларында бұл көліктерді іздестіру жұмыстары басталған болатын.

Сабах газеті «АҚШ пікірталасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Террор Анкараға соңғы 5 айдың ішінде 3 рет шабуылдады. Шабуылдың қайғысын шеккенде, АҚШ өкілетті елшілігі өз азаматтарына бағытталған 11 наурыз күнгі ескертуі пікірталастарды арттырды. Ел көлемінде 20-ға жуық көліктің нөмірі қауіпсіздік және құпия ақпарат бөлімшелеріне беріліп, абай болулары талап етілді. Қаза тапқандар арасында көптеген студент бар екені атап көрсетілді. АҚШ-тың Анкара өкілетті елшілігі интернет парақшасының ағылшын тілінде жарияланған бөлімінде азаматтарына шабуыл алдында ескерту жасаған болатын.

Хүррийет газеті «Анкарадағы террор шабуылының артынан Түркиядан Кандилге әуе операциясы ұйымдастырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда кеше кешкі уақытта 37 жазықсыз адамның қаза табуына себеп болған Анкара жарылысының тергеуі жалғасып жатқанда, Түрік қарулы күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары түнімен Ирактың Кандил тауында ПКК террор ұйымын бомбалады. Әскери ақпарат көздері «сағат 03:20-05:30 арасында Ирактың солтүстігінде Кандил Гара аймағында барлау нәтижесінде анықталған жаңа террор нысаналары (қару-жарақ қоймалары, қорғаныс пен баспаналар) 9 дана F-16 және 2 дана F-4 2020 соғыс ұшағымен жойылды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар