Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

442052
Түрік баспасөзіне шолу


Сабах газетінің «Уаттара Ердоғанға құрмет көрсетті» деген хабарында Кот-д'Ивуар президенті Алассан Уаттараның Президент Режеп Тайып Ердоғанның сапарына қатты риза болғанын айтқанын жазған. Газет Уаттараның «Бұл зиярат біз үшін өте маңызды. Сіздің бастамаңыз бойынша әлемде қаншама үлкен жұмыс істелгеніне куәгерміз. Сіз Кот-д'Ивуардың және Африканың өте керемет досысыз. Сіздей мемлекет қайраткерін күтіп алғанымызға қуанудамыз және риза болдық. Осы дәуірдің ең үлкен қайраткерін бұл жерде күтіп алудамыз» дегеніне орын берген. Хабарда Уаттараның «Ердоған билік басынан келгеннен бері үлкен бір Түркия және күшті бір экономика қалыптасты. Бүгін Түркияны әлемнің 16-шы, Еуропаның 6-шы үлкен экономикасына айналдырды» дегенін жеткізген.

Стар газеті хабарын «Fitch Ratings Түркияны мадақтады» атты тақырыбымен берген. Газет Fitch Ratings мәртебелі директоры Gamble-нің барлық жағдайды бірлестіре отырып қарағанда Түркияда соңғы 6 ай ішінде тұрақты даму байқалғанын айтқанын білдірген. Газет Gamble-нің «Иран үлкен бір нарық ретінде шетелге ашылуда. Бұл Түркия үшін үлкен орай. Түркия арзан мұнайдан ең көп пайдаланған елдің бірі» дегеніне орын берілген. Газет Gamble-нің Түркияның мемлекеттік қарыздарының азаюының және қазіргі қаржы жағдайының жақсы екенін баяндағанын мәлімдеген.

Йени Шафак газетінің «Түркия Оңтүстік газ коридорында бекімді» деген хабарында Түркияның геосаяси жақтан энергия коридоры үстінде орталық ел екенін баяндаған. Газет Түркияның энергиядағы орталық орнын күшейтетін ең маңызды жоба болған Оңтүстік газ коридорының екінші жиналысының Әзірбайжанда өткізілгенін білдірген. Газеттің хабары бойынша Бакудегі жиналыста сөз сөйлеген Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрак Түркияның TANAP-қа және Оңтүстік газ коридорына саяси, техникалық және экономикалық салада үлкен қолдау көрсетуге бекімді екенін түсіндірді. TANAP аясында Әзірбайжаннан Түркияға 6 миллиард текшеметр және Еуропаға 10 миллиард текшеметр табиғи газ жеткізіледі.

Хүрриет газеті «Меркель шараны Түркияда тапты» атты тақырып қолданған. Газет ауа райының жылынуымен бірге Еуропаға өтуге тырысқан келімсектер Түркияның Эгей жағажайына ұмтылған кезде Германия премьер-министрі Ангела Меркельдің тағы бір мәрте 7 наурыз күні Брюсселде өтетін Еуропа Одағы-Түркия саммиті қарсаңында келімсек дағдарысының тек Түркиямен ынтымақтастық арқылы ғана шешуге болатынын айтқанын хабарлаған. Газеттің хабары бойынша Еуропадағы шекаралардың жабылуына қарсы шыққан Меркель Брюссельде Түркиямен келісім жасайтынына сенгенін, сондай-ақ шешімнің Еуропа көлемінде және Түркиямен ынтымақтастық жасау арқылы шешуге болатынын түсіндірді.

Хабартүрік газетінің «Веронада түрік Кебабы» деген хабарында дәстүрлі түрік тағамдарының бірі болған кебабтың керемет дәмі арқылы туристтер тарапынан қатты ұнатқанына орын берілген.



Ұқсас жаңалықтар