Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

426170
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Мейірімділігімізге барша куә» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның террормен күресін сынға алғандарға Ахмет Давутоғлу «Түркияның зұлымдығына ешкім куә емес, бірақ мейірімділігіне барша куә» деп жауап қайтарды. Давутоғлу «Палестиналық бабаларда куә, аракандық жетімдер де куә. Ашаршылықтан қаза тапқан Сомалидегі балаларда куә. Шығыс және Оңтүстік шығыстағы террормен күрескен жастарда куә» деді. Давутоғлу «Ешкімге зұлымдық жасамадық. Алайда Палестинада, Сирияда және басқа жерлерде залымдар алдында қалай тік тұрғанымызды барша жақсы біледі» деді.
Сабах газеті «Сауд инвесторлар түріктердің динамикасын жақтайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның өркендеу күші мен динамикасын жақтағандарын атап айтқан сауд инвесторлар түрік құрылыс саласының Сауд Арабиясында инвесторлармен жұмыстануын назарға алады. Сауд Арабиясында 250 мыңға жуық тұрғын үй қажеттілігі бар. Саудтар «Түркия мен Шығанақ елдері арасында еркін сауда келісімі жасайық. Балкан, Қаратеңіз, Орталық Азия елдерінің нарығына бірге шыға аламыз. Қорғаныс өнеркәсібі саласында Түркиямен жасалатын ынтымақтастық бізді аса маңызды бір тұғырға көтерді» деді. Сауд инвесторлар Түркияда петрохимия, жаңартыла алатын энергия, егіншілік, қатынас саласында инвестиция және ынтымақтастық жасағылары келгенін атап айтты.
Йени Шафак газеті «Рейстердің бағалары арзандайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Бинали Йылдырым Еуроодақ лауазымдыларының Түркия мен Еуропа авиация саласында интеграциясы үшін келісім ұсынысы жасағанын жариялады. Йылдырым «Келісім Түркия қалағандай жүзеге асқан жағдайда, Еуроодақ пен Түркия арасында қызмет көрсеткен авиация фирмалары шексіз рейс ұйымдастыра алатын болады. Осылайша авиация фирмалары арасындағы бәсекелестік артатындықтан рейстердің бағалары да арзандайды» деді.
Eurocontrol зерттеулеріне қарағанда, 2014-2021 жылдары арасында Еуропаға ең көп рейс ұйымдастыратын елдер категориясында 1-ші орында Түркияның болатынын атап айтқан Йылдырым Түркияның авиация саласында жыл сайын 6 пайыздан көп өсу көрсеткіші болжағанын атап айтты.
Хабертүрік газеті «Бір жазықтықта шындықтан асқан Стамбұл» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл фотосуретшісі Айдын Бүйүкташтың «drone» ұшқышсыз ұшақпен түсірген Стамбұлдың тарихи және туристік орындарының шындықтан асқан фотосуреттері ағылшын баспасөзінде жаңалық болды. «Mail on Sunday» газеті Бүйүкташтың Капалычаршы, Сүлтанахмет алаңы, Эминөнү Жаңа мешіті, Шүкрү Сарачоғлу стадионы сияқты орындарды «drone» арқылы әртүрлі бағыттар мен биіктіктен түсірген фотосуреттеріне кең орын берген.
Ватан газеті «Ыхлараға аспалы өткелдер мен лифт жобасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Каппадокия аймағының кірісіндегі табиғат кереметі «Ыхлара алқабы» әлемнің алдынғы қатарлы каньондарының бірі. Алқабтың ұзындығы 20 шақырым, каньонның биіктіктері кейде 100-110 метрге ұласады. Алқаптың үстіне құрылатын аспалы өткелдер шамамен 2 мың метр ұзындығында болады. Ыхлара алқабы әлемнің ең тамаша туристік жайлары арасында көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар