Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

425043
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «ДАИШ-тің нысанасы алеви, күрд және түрікмен ауылдары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкарада 10 қазан күні ұйымдастырылған пойыз вокзалы шабуылының артынан прокурорлық жүргізген ауқымды тергеуде ДАИШ-тің Газиантеп тармағының әмірі екені алға тартылған Йылмаз Дурмаздың компьютерінен ұйымның хаос жоспары шықты. Террор ұйымының Түркияда этникалық негізді түрік-күрд және ішкі соғысы мен мәзхабтық қақтығыстарға жол ашатын жоспарлар жасағаны байқалды. ДАИШ-тің қанды шабуылдар үшін алеви, күрд және тұрікмен ауылдарын тізімге алып, ауылдарды тексергені анықталды. Қолға түскен мәліметтерде Шығыс пен Оңтүстік Шығыста жұмыс істейтін Әділет және даму партиясы мен Халықтардың демократия партиясы өкілдерінің де тізімі табылды.

Йени шафак газеті «Солтүстік Ирактан Түркияға мұнай тасымалдауы 4 есе артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Керкүк-Джейхан Мұнай құбыр желісі мен Түркия арқылы нарықтарға шығатын Ирак мұнайының көлемі 2015 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда шамамен 4 есе артып, 48,6 миллионнан 192,4 миллион баррельге жетті. Мамандар аймақтағы тұрақсыздық және қақтығыстар себепті Түркияның энергия тасымалдауында қауіпсіз бір желі болу рөлінің қайтадан ортаға шыққанына назар аударады. Бұған қарағанда Ирак аймағы үшін маңызды болып табылатын мұнайдың жалғыз алтернативі Түркия болып табылады.

Ватан газеті «Түркия несие карточкасы саны тұрғысынан Еуропада бірінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда несие карточкасы саны 171 миллионға ұласты. Төлем жүйелерінде 2015 жылы жоғары белсенділікпен аяқталды. Несие карточкасымен жасалған сатып алулардың жалпы көлемі 526 миллиард лираға ұласты. Сатып алуларда несие карточкаларын таңдалып, төлемдер одан жылдам, одан жеңіл жасалады, осылайша ел экономикасына одан көп уақыт пен үнемдеу қамтамасыз етіледі. Түркия «э-сауда» (электронды сауда жүйесі) халықаралық салада да «үлгі және басшылық» жасайтын ел болды.

Сабах газеті «Ирандық банк келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда эмбарголардан құтылған және әлем нарығына кіруге әзірленген Иранның екінші үлкен банкі «Bank Pasargad»-тың бағыт алған елдері арасында Түркия алғашқы кезекте. «Pasargad Bank»-тың директорлар кеңесі мүшесі Мостафа Бехесхтроов «Түркия, Германия, Испания және Қытайды ойлап жатырмыз» деді. Аталмыш елдермен байланысты зерттеу жұмыстарын бастағандарын атап айтқан Бехесхтроов «Осы елдерде филиал ашқымыз келеді. Бірақ жергілікті ортақтық құрып, жеке банк сатып алып құрамымызға қоса алатын да шығармыз» деді.


Ұқсас жаңалықтар