Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

423313
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Нусайбинде операцияға дайындық» деген хабарға орын берген. Әскер, полиция және ауыл қорғаушылары бірігіп жүргізген операциялар Шырнактың кейбір аудандарында 30, Диярбакырдың Сур ауданында 45 күннен бері жалғасып келеді. Қауіпсіздік дерек көздері Мардиннің Нусайбин ауданында да операция жасалатынын мәлімдеді. Газеттің хабарына қарағанда қауіпсіздік күштері ауданда ауқымды операция арқылы террористтердің жойылатынын айтты.
Йени Шафак газеті «Түрік ұшағы ұшуға дайын» деген тақырып қолданған.
Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі инженерлері жобалаған Хүркуш ұшуға дайындалуда. 2013 жылы бірінші рет ұшқан түрік ұшағы содан бері 300 мәрте ұшты. Хүркуш қалған сынақтардан да сүрінбей өтсе, сертификаты беріледі. Осылайша осы категорияда тұңғышазаматтық авиация сертификатын алатын ұшақ ретінде мақұлданады. Осыдан кейін ұшақ Еуропаға және әлем елдеріне сатылатын болады.
Ватан газеті «Солтүстік Ирактан алғашқы газ 2017 жылы келеді» деген тақырып жариялаған.Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі биылдың аяғында құбыр желісі арқылы Түркияға айдалуы жоспарланған табиғи газ табысымен экономикалық дағдарыстан шығуды жоспарлап отыр. Ирак күрд аймақтық әкімшілігі Табиғи ресурстар және мұнай министрлігінің кеңесшісі Али Бело «Табиғи газдың шығарылуы үшін жұмыс басталып кетті. Ешбір проблема болмаса 2017 жылдың басында экспорт басталады» деді.
Сабах газеті Түрік әуе жолдарының бір хабарына орын берген. Ұлыбритания мен Түрік әуе жолдары арасында бір келісім жасалып, бірігіп қозғалуға шешім қабылданды. Ағылшын үкіметі туризм саласында 2016 жылдан бастап Түрік әуе жолдарымен бірге жұмыс істейді. Акцияның негізгі мақсаты Ұлыбританияға Үндістан және Шығанақ елдерінен турист тарту.
Хүрриет газетіЖапонияда суға батқан Османлы фрегатына байланысты бір хабар жариялаған. Жапонияның Кусимото қаласы маңында 1890 жылы батып, 550 түрік теңізші шәйіт болған Ертугрул фрегатының қазба жұмыстары басталады. 15 қаңтар күні басталатын жұмыс екі сатыдан тұрады. Біріншісі су асты қазбалары мен лаборатория жұмыстары, айырықша «Ертугрул фрегатының ізінде» атты бағдарлама өткізіледі. Осы аяда түріктер Жапонияға фрегаттың іздерімен келетін болады.



Ұқсас жаңалықтар