Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын береді.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «25 елден 70 директормен үлкен кездесу» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Ахмет Давутоғлу Түркияда жұмыс істейтін 25 елден 70 халықаралық фирманың жоғары деңгейдегі лауазымды басшыларымен ертең кешкі уақытта кездеседі. Давутоғлу Түркияның жаһандық бәсекелестігі мен экономикалық өсуіне үлес қосатын шетелдік инвесторларға үкіметтің жаңа реформа пакеті таныстырылып, олардың көзқарастары мен ұсыныстарын тыңдайды. Жиналысқа қатысатын танымал фирмалар арасында «Mercedes», «Microsoft», «İntel», «Mitsubishi», «Samsung», «Rolls Royce», «General Electric», «Shell» және «Toyota» сияқты әлемнің алпауыт фирмалары да орын алады.
Хүррийет газеті «Сенім туры» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрлігі туризмнің террор шабуылдары мен Ресей дағдарысынан минимум зиян көру үшін жұмыстарын жалғастыруда. Министр Махир Үнал 10 күнде 4 Еуропа мемлекетін аралап, «Түркия қауіпсіз ел» жолдамасы жасайды Алдымен Голландиялық туризм операторларымен бас қосқан Үнал келесі апта Германия, Испания және Ұлыбританияда да сала өкілдерімен кездеседі.
Йени Шафак газеті «Стамбұлға міндетті түрде қайтып келеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сұлтанахмет алаңындағы террор шабуылы шетелдіктердің Стамбұл қайрандығын жоя алмады. Шабуылда аяғынан жарақат алған норвегиялық турист Nielsen, Стамбұлды қатты ұнатқанын, тарихи және туристік орындарға зияраттарын толық жүзеге асыра алмағанын атап, Түркияға қайтадан келгісі келгенін атап айтты. Жарылыс болған жерді аралауға келген шетелдік туристтер болса «Стамбұлды міндетті түрде қайта аралауға келеміз, өйткені бұл өте керемет бір қала» деді.
Стар газеті «Түрік әуе жолдары әлем лигасында шыңға көтеріледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда салған инвестициялардың жемісін ала бастаған Түрік әуе жолдары марка танылуында Люфтганза әуе жолдарын артта қалдырып, әлемнің ең ірі 4 фирмасынан біріне айналды. Әлемде әр 100 адамның 64-і, Еуропада болса әр жүз адамнан 77-сі Түрік әуе жолдарын таниды.
Хабертүрік газеті «Eurovision ән байқауында Сан-Марино үшін шырқайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Биыл мамыр айында Швецияның Стокгольм қаласында 61-ші рет ұйымдастырылған Eurovision ән байқауында Сан-Мариноның атынан түрік әнші Серхат Хаджыпашалыоғлу өкілдік жасайды. Күзде Ұлыбритания және неміс би рейтингтерін жаңартқан Серхат ұсыныстың Сан-Марино Радио және теледидар корпорациясынан ұсыныс келгенін және бұл ұсынысты қабылдағанын білдірді. Хаджыпашалыоғлу басқа бір ел атынан Eurovision ән байқауында жарысатын тұңғыш түрік аталады.



Ұқсас жаңалықтар