Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

423318
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті хабарын «Хэммонд түрік қарулы күштерін мадақтады» деген тақырыбымен берген. Газет Анкарада кеше ресми сапарда болған Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Филип Хэммондтың Хүрриет газетіне берген сұхбатында Түркияның ПКК-ға бағытталған операцияларын «өзін қорғау үшін заңды құқығын қолданды» деп қарағандарын, сондай-ақ операцияларға қатысқан әскер мен полициялар үшін «батыл» деп түсіндіргенін жазған. Хабарда Хэммондттың «Түбегейлі бейбітшілікті орнату үшін Түркияның ең қысқа уақыт ішінде қайтадан диалог ортаға оралуын үміт етеміз» дегеніне орын берген.

Хабартүрік газетінің «Саяхат мамандарының Стамбулға бару үндеуі» атты хабарында Әлемнің ең әйгілі журналы Conde Nast Traveller-дің редакторы Katherine Lagrave-нің «Стамбулдан тартынбаңдар» деген мақала жазғанын жеткізген. Газет мақаладағы «Бүгін ДАИШ Стамбулды бомбалады. Бірақ қаладан аулақ тұру Стамбулды тіпті әлсіретеді» деген сөздеріне орын берген. Хабарда журналдың бас редакторы болған және Стамбулдағы демалысынан жаңа оралған Пилар Гузманның сөздеріне де орын бергенін білдірген. Газеттің хабары бойынша террор шабуылының өзінің Стамбулға деген сүйіспеншілігін ешқашан азайтпағанын баяндаған Гузман «Шындығында әлемнің ең тамаша қаласы. Осыған бола мен Стамбулға деген сүйіспеншілігім азаймайды» деді.

Йени Шафак газеті «Ұлттық ұшақ үшін шешім беру уақыты» деген тақырып қолданған. ГазетТүрік авиация және ғарыш өнеркәсібі басқармасы бас директоры Мухаррем Дөрткашлының ұлттық соғыс ұшағына байланысты келіссіз кездесулерінің осы жылдың алғашқы жартысында тамамдалуын күткенін білдіргенін жазған. Хабарда барлығы өз жобасы болған Ұлттық соғыс ұшақ жобасында талай еңбектің нәтижесінде нақтылы дизайнның үшке түсірілгенін баяндаған Төрткашлының «Дизайн саласына кіру үшін Түрік әуе күштері және қорғаныс өнеркәсібі басқармасымен келіссөз кездесулерімізді жалғастырудамыз. 2016 жылының алғашқы жартысында осы процестің тамамдалатынын үміт етудеміз» дегеніне орын берген.

Сабах газетінің «Әйгілі өнерпаз Стамбулда» атты хабарында әйгілі көше өнерпазы Banksy-дің әлемге әйгілі еңбектерін жинақтаған ең үлкен коллекциясының «The Art of Banksy»-дің әлемдік құндылығының Мәдениет және туризм министрінің үлесі және Бейоғлұ қалалық әкімшілігінің қолдауымен Стамбулда көрсетілгенін жазған.

Стар газеті хабарын «Өкінішке орай өте кеш қалдық» деген тақырыбымен берген. Газет ТРТ 1-де 19 қаңтар күні беріле бастайтын «Юнус Емре сүйіспеншілік сапары» атты сериалының таныстыру жиналысының Бейкоз Кундура Фильм залында өткізілгенін жариялаған. Хабарда жиналысқа режиссер Мехмет Боздағ бен бірнеше актерлердің қатысқанын түсіндірген.



Ұқсас жаңалықтар