Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі түрік баспасөзі аймақтық және әлемдегі маңызды жаңалықтарға орын берген.

423321
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «ДАИШ замандас жауыздықтың жаңа қуыршағы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Таяу Шығыс саясаты мен көнпенділерге бағытталған Исламофобиялық сөйлемдердің ДАИШ арқылы жасалғанын атап көрсетті. Калын «Иран, Ресей, Асад режимі және Еуропадағы нәсілшіл қозғалыстар ДАИШ-ті сылтауратып, өз тұғырларын күшейтуге тырысады. Сондықтан да ДАИШ-тің болмысы мен жауыздықтарына негізінде риза» деді. Калын «ДАИШ-ті жою үшін шынымен де мықты және шынайы бір ұстаным болғанда бұл ұйым қысқа уақытта жойылып кетер еді» деді.
Стар газеті «Террор концепциясы өзгерді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қауіпсіздік маманы Мете Ярар конвенциялық соғыстар кезеңінің жабылғанын, мемлекеттердің енді өз мүдделерін террор ұйымдары құру арқылы қорғағанын атап көрсетті. ПКК террор ұйымының Түркияға уәкілдік арқылы шабуылдағанын атап айтқан Ярар «Елдер енді табыстарын біреулер арқылы тапсырмалармен жүзеге асырады. Сол үшін де террор ұйымдары мықты елдердің немесе мұны жоспарлаушы мемлекеттердің мүмкіндіктерімен жабдықталады. Тек қана қаржылай емес, логистикалық, оқу және адам күші ретінде де қолдау көреді» деді.
Ватан газеті «Бірнеше айдың ішінде 4 реформа пакеті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ғылым, Өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышык Ғылыми-зерттеу және дамыту жұмысы реформа пакетінің премьер-министр Ахмет Давутоғлуның бекітуімен Мәжіліс басшылығына ұсынылғанын жариялады. Министр Ышык «Алдағы бірнеше айдың ішінде 4 реформа пакетін аяқтауды нысанаға аламыз. Бұлардың біріншісі Ғылыми-зерттеу және дамыту жұмысы реформа пакеті, екіншісі Өндіріс реформа пакеті, үшіншісі патент заңы және төртіншісі ТҮБИТАК-тың қайта құрылымы реформа пакеті болады» деді.
Йени шафак газеті «Шығанақта Түркияның мүмкіншіліктері артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы экономикалық ынтымақтастықтар кеңесі Түркия-Сауд Арабиясы іскерлер кеңесі төрағасы Юсуф Жевахир Түркияның Таяу Шығысқа қажетті қару технологиялары тақырыбында ортақтықтар құрыла алатын деңгейге жеткендерін мәлімдеді. Жевахир «Әсіресе Шығанақ классикалық өнеркәсіп өндірісін әр жердем қамтамасыз ете алады. Дегенмен мылтық, ұшқышсыз ұшақтардың қамтамасыз етілуі, танктерді жаңарту сияқты қызметтерді Батыс оларға бермейді. Сол себепті Түркиямен ортақтықтар құрылады» деді. Жевахир Мекке мен Медине арасында салынатын темір жолы жобасында да түрік фирмалардың роль ойнау керектігін атап айтты.
Хабертүрік газеті «Түрік фирмалары үшін мүмкіншіліктердің есігі ашылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Иранға санкциялардың жойылуы түрік фирмаларына болымды ықпал етеді. Түрік әуе жолдарынан бастап, түрік азаматтық авиация фирмалары маңызды қадамдар басатын болады. Санкциялардың жойылуымен туризм мен сауда қатынасы да артады. Сондай-ақ Иранмен саудада роль ойнайтын Халықбанктің операциялық көлемі де артады. Түрік энергия фирмалары да Ираннан мұнай сатып алу және шығындар себепті үлкен мүмкіншілікке ие болады.



Ұқсас жаңалықтар