13.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

407655
13.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Акит газеті «Гуманитарлық жәрдем қоғамы ІHH 80 мың жетімге қол ұшын созды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық Адам құқықтары ұйымы
«ІHH» дүниежүзіндегі жетімдерге жәрдем беруде. Қазірге дейін 80 мың жетімге жәрдем жасаған ІHH жәрдем беретін бала санын 5 миллионға жеткізуді нысанаға алады. Мұсылман ретінде әлемдегі бүкіл жетімдерге қолдау көрсету сияқты бір жауапкершілікті мойындағандарын атап айтқан ІHH төрағасы Бүлент Йылдырым жасағандары жұмыстардың өздеріне және Түркияға мақтаныш әкелгенін атап көрсетті. Йылдырым Сирияда 20 мемлекеттің соғыс ұшақтары ұшқанын және бомбалау кезінде нан зауыттарын да нысанаға алғанын атап айтты.
Стар газеті «Путинге футболка шоқы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркиямен ұшақ дағдарысының артынан экономикалық санкциялар жасайтындарын атап айтқан Ресей президенті Владимир Путин футболка мен кір жуғыш машинасы шоқымен бетпе-бет. Түркияға қарсы ұрандар орын алған футболкалардың өндірісі Түркиядан импортталған маталардың кеден қақпаларында күтуі себепті өндіріле алмай отыр. Путин екінші шоқпен өнеркәсіп өндірісінде бетпе-бет қалды. Bosch-Siemens фабрикасы Түркиядан барған өнеркәсіп өнімдері кеденде тоқтап қалған соң кір жуғыш машиналар өндірісін тоқтатты. Ресей текстил және өнеркәсібі үлкен шығынға ұшырады.
Сабах газеті «Ертең көк аспанда метеорит жаңбыры бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2015 жылдың соңғы және ең керемет оқиғасы «Геминидтер метеорит жаңбырын» ертең кешкі уақытта тамашалауға болады. Жарық аз түсетін жерлерде көзбен көруге болатын метеорит жаңбыры көзбен көрінеді.
Йени шафак газеті «Нобел сыйлығы иегері түрік профессор жаңа еңбегін жариялайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда профессор Азиз Санжар жасушаларға зиян келген ДНК-ларды емдегені үшін Нобел сыйлығын алды. Түрік ғалымының жаңа табысын жақын уақытта жариялауы күтіледі. Танымал ғалым президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен келесі апта Түркияға келеді.
Хабертүрік газеті «Месневидің бұрынғы нұсқауы тұңғыш рет жарияланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Қол жазба шығармалар мекемесі кейбір қол жазбалардың дәл күйінде баспалайды. Осы жазбалар арасында Мәулананың Месневи атты шығармасының бұдан 643 жыл бұрын 1372 жылы көшірілген бір нұсқауы бар. Фатих Сұлтан Мехметтің баласы екінші Баязытқа тиесілі Құранның да 5 ғасырдан кейін дәлме дәл баспасы шығарылады


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар