09.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

404547
09.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хүрриет газеті премьер-министр Давутоғлуның сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда Давутоғлу Ресейдің эмбарголарына қарсы шара қолданғандарын айтты. Премьер-министр Түркияның Ресейдің жаласы мен айыптауларына ұшырағанын білдірді. Давутоғлу өздерінің салқынқандылықпен қозғалғанын атап көрсетіп, «Егер біз Украинаның шақыруын тыңдап, Шығыс Украинада Ресей жақтастарын бомбаласақ, Путин не ойлар еді?» деді.
Йени Шафак газеті Барзанидің сөздеріне орын берген. Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінің төрағасы Месут Барзани түрік әскерінің Мосулда келісімге орай міндет атқарғанын еске салып, Ирак премьер-министрі Хайдар әл Ибадинің мәселені асыра сілтегенін айтты. Бүгін Анкараға келетін Барзани ДАИШ-пен күресте Түркияның ролін қолға алады.
Йени Акит газеті «ДАИШ сарбазының мойындауы» деген хабар жариялаған. Сирияда оппозиция ДАИШ пен Асад ынтымақтастығын дәлелдейтін бір видео жариялады. Видео көріністерде Халеб уәлаятында оппозиция ұстап алған ДАИШ сарбазы ұйымның бақылауындағы аймақтардан шығарған мұнайын Асад әкімшілігінің сатып алғанын айтады. ДАИШ сарбазы мұнайдың Халеб уәлаяты шығыс және оңтүстік жақтарында танкерлерге тиелгенін тілге тиек етеді.
Хабертүрік газеті «Билал Ердоғаннан маңызды мәлімдемелер» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоғанның баласы Билал Ердоған Италияның жоғары тиражды газеттерінің бірі Corriere della Sera-ның сұрақтарына жауап берді. Ресей айтқандай өзінің мұнай таситын бір кемесі жоқтығын айтқан Ердоған ДАИШ-тың Исламмен қатысы жоқтығын, елінің жауы екенін атап көрсетті. «Түркия неге Сирия шекарасын жаппады?» деген сұраққа Билал Ердоған «Біз аралық аймақ қалыптастырылуын қаладық. Бірақ бізге құлақ асқан адам шықпады» деп жауап берді.
Сабах газеті өнеркәсіп өндірісіне орын берген. Газет «Өнеркәсіп өндірісі қазан айында бес жылдың ең жоғары көрсеткішіне жетті» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, өсімнің көрсеткіші өнеркәсіп өндірісі қазан айында 14,7 пайызбен шамамен бес жылдың ең биік шыңына жетті. Осылайша 2011 жылдың қаңтар айынан бергі ең үлкен дәрежесіне жетті. Мамандар саяси тұрақтылықтың да әсерімен өсімнің жылдамдайтынын білдірді. Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышык та экономикаға деген сенімнің артуымен өнеркәсіп өндірісінің қайтадан артқанын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар