Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер күн тәртібіндегі хабарларға орын берген.

422055
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Акит газеті «Шекара бұзушылықтың айғағы» деген хабар жариялаған. Газеттің жазғанына қарағанда, Бас штаб басшылығы құлатылған орыс ұшағының радар ізі картасын интернет парақшасында жариялады. Түрік әуе кеңістігін бұзған ұшақ бірнеше мәрте ескерту жасалғанына қарамастан түрік шекарасын бұзды. Ресей «шекара бұзбадық» деп еді. Оған Түрік Қарулы күштерінен жауап кешікпеді. Түрік Қарулы күштері түрік әуе кеңістігіне кірген орыс ұшағының радар ізі картасын жариялады.
Хабертүрік газеті «Ең қиын міндет олардікі» деген хабарға орын берген. 64-ші үкіметте экономика командасына жаңа 7 адам қосылды. Ең маңызды екі орынға келген тұлға ретінде алға шыққан Экономикаға жауапты вице-премьер Мехмет Шимшек пен Энергия министрлігі міндетіне келген Берат Албайракты қиын күндер күтіп тұр. Міндетке тағайындалған бірінші күні Ресеймен арадағы ұшақ дағдарысынан кейін энергия саясат қолға алатын Албайрактың күнтәртібінде Ресей және Иранмен табиғи газ үдерісі бар.
Стар газеті «Нусайбин террордан тазаланады» деген назар аударады. Хабарға қарағанда, Диярбакырдың Силван және Сур аудандарынан кейін Мардиннің Нусайбин ауданында террор ұйымына ауыр соққы берілді. Нусайбинде жарияланған коменданттық сағаттан кейін операцияда 18 террорист өлтірілді. 94 баррикада жойылды. Орлар жабылды және 19 бомба табылды.
Хүрриет газеті «189 елге экспорт» деген тақырыппен хабар жариялаған. Жаңа инвестициялар арқылы өндіріс базасы саны артқан Кония қаласы бүгінгі таңда 189 елге экспорт жасап отыр. Қаланың Түркияның маңызды өнеркәсіп орталықтарының біріне айналғанын атап көрсеткен Кония өнеркәсіп палатасының төрағасы Мемиш Күтүкчү «Экспорт көп жасалған алғашқы бес ел – Ирак, Алжир, Германия, Сауд Арабиясы мен Иран» деді.
Кония қорғаныс өнеркәсіп экспортында Түркияда алғашқы бестікте.
Йени Шафак газеті футбол тақырыбына орын берген. UEFA Чемпиондар лигасындағы түрік командасы Галатасарай Испания командасы Атлетика Мадридпен ойнайды. Түрік командасының лигадағы сайысты жалғастыруы үшін Испаниядағы матчтан жеңіп шығуы керек. Галатасарай командасына бір ұпай да жетпейді.




Ұқсас жаңалықтар