16.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

366325
16.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «Коллективті террорға қарсы нақты ұстаным» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің ең мықты басшылары Анталиядағы Үлкен 20 саммитінде басқосты. АҚШ президенті Барак Обамамен басқосқан президент Ердоған «коллективті терроризм түсінігімен бетпе-бет тұрмыз. Ұстанымымыздың үлкен 20 саммитінде нақты сөйлемдермен ортаға қойылатынына сенемін» деді. Ердоған президент Обамамен Сириядағы ДАИШ террор ұйымымен күрес тақырыбын қолға алғандарын атап, «Модел ортақтар ретінде стратегиялық ортақтармыз бұдан кейінгі кезеңде де ынтымақтастығымызды әлем бейбітшілігіне үлес қосу үшін тұрақтылықпен жалғастырамыз» деді.
Хабертүрік газеті «Еуропада жаңа кезеңде еркіндік қауіпсіздік теңдігін құра ала ма?» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Париждегі террор шабуылдарының артынан Францияның террормен күресетіні жайлы жолдамасы және төтенше жағдай жариялауы батыс елдерінде қауіпсіздік саясаттарын қайта күн тәртіпке әкелді. 11 қыркүйек шабуылының артынан қауіпсіздік шараларын ең жоғарғы деңгейге көтерген АҚШ сияқты Францияның да бірдей әдісті қолданып, қолданбайтыны күтіледі. Қатаң қауіпсіздік шаралары жаһандық террорға тосқауыл ма? Әйтпесе ең көп еркіндіктер мен Еуропаның есігіне үйілген босқындарға әсер ете ме? Мамандар еркіндіктер тақырыбында басқаша ойланса да, босқындар үшін одан қиын бір кезеңнің күткені жайлы ортақ көзқараста.
Сабах газеті «EURO 2016 кейінге қалдырылмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «EURO 2016»-ның кейінге қалдырылатыны жайлы қауесеттерге турнирдің ұйымдастыру комитеті басшысы Жак Ламберт жауап қайтарды. Париж оқиғаларынан кейін туындаған қауіпсіздік уайымдарын түсінгенін атап көрсеткен Ламберт «Дегенмен барлық осыларға қарамастан EURO 2016 ның кейінге қалдырылуы террористтердің ойынын ойнау деген мағынаға келеді» деді.
Йени Акит газеті «Батыс өзін өзі есепке тарту керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік азаматтық қоғам мекемесі өкілдері Париждегі террор шабуылдарын Исламмен байланыстырмау керектігін айтуда. Батыстың Ислам аймағында іске қосқан басқыншылық пен қырғындардың қоғамның ызасын туғызғанын және террор оқиғаларына әсер еткенін, атап көрсеткен азаматтық қоғам өкілдері батыс әлемін террорды қаржыландыру және Ислам әлемі үшін қан мен көз жасы өндіруден басқа пайдасы жоқ саясатынан бастартуға шақырды.
Стар газеті «БҰҰ: Түркияға қолдаудың артуы керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Үлкен 20 басшылары саммиті аясында баспасөз жиналысы ұйымдастырған БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги-Мун «Сириямен байланысты міндетті түрде бір келісімнің жасалуы, ең маңызды тақырыптарымыздың бірі болуға тиісті. Осы тұрғыдан жылдамдық аса маңызды» деді. Пан босқындарға есіктерін ашқан Түркия мен Ливанға жасаған қолдауын міндетті түрде арттыру керек екенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар