14.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

365980
14.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газетінің «Парижде Еуропаның 11 қыркүйегі» деген хабарында бас қала Париждің он ай үзілістен кейін қазірге дейінгі ең ірі лаңкестікпен шайқалғанын жазған. Газет Париждің 6 бөлек түйініне кеше кеште ұйымдастырылған шабуылда 127 адам қаза тапқанын, 200 адамның жарақат алғанын хабарлаған. Газеттің хабары бойынша Франция Президенті Франсуа Олланд елде төтенше жағдай жариялап, армияны міндетке шақырды. Хабарда Президент Режеп Тайып Ердоғанның терроризмге қарсы халықаралық келісімнің шарт екенін айтқанына орын берген.


Йени Шафак газеті хабарын «Ең үлкен энергия саммиті» атты тақырыбымен берген. Газет биылғы Үлкен 20 тобы саммитіне энергия таңбасын басатынан тілге тиек болған кезде барлық назар қазірдің өзінен бастап Президент Ердоған мен Ресей Президенті Путиннің кездесуіне ауғанын жариялаған. Газеттің хабары бойынша мамандардың көзқарастарына қарағанда энергия саласындағы саябырлаудың қайтадан жандандырылуы аймақтағы энергия теңдікке ықпал жасауы мүмкін. Екі ел кездесуінде түрік ағымының болашағы, Түркияның табиғи газ алуы және бағада төмендеумен байланысты талаптар үстелде болады.


Сабах газеті «Түркия-Жапония ынтымақтастығы» деген тақырып қолданған. Газет Жапониямен ынтымақтастық аясында жасалған жобалардың болашақ үшін маңызды болғанын білдірген Президент Ердоған Дарданел өткелі үшін де ынтымақтастық жасау сүйіншісін бергенін жеткізген.


Ватан газетінің «Түркия үлкеюде» атты хабарында Халықаралық валюта қоры IMF-тің Түркия экономикасының тұрақты түрде жалғасты үлкейетінін жариялағанын білдірген. Хабар бойынша IMF Түркияның да орын алған Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріне байланысты «Аймақтық экономикалық мәселелер рапортының» күзгі санының жарияланғанына орын берген. Рапортта Түркияға байланысты бөлімінде дағдарыстарға қарамастан Түркияның жалғасты үлкейетінін баяндаған.


Хабартүрік газеті хабарын «Еуропа Одағы саммитке дайындалуда» деген тақырыбымен берген. Газет Сирия және Ирактан туынданған босқын дағдарысын шешім жолын іздеген Еуропа Одағы лидерлерінің Малтадағы саммитте кездескенін жазған. Хабар бойынша саммитте Түркияға 3 миллиард 200 миллион евролық қаржы аударылуы және желтоқсан айындағы Еуропа Одағы саммитіне Президент Режеп Тайып Ердоғанның да шақырылуы жөнінде келісімге барды.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар