Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

415031
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті неміс сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер сириялық босқындарға байланысты проблеманың шешілуі үшін Түркиямен келісуге қарсы шыққандар бар екенін айтып: «Одан да аз босқынның грек аралдарына өтуі үшін Түркиямен келісуіміз керек» деді. Штайнмайер осы тақырыпта Еуроодақтың басқа шарасы жоқтығын білдірді.
Хабертүрік газеті «Басшылардан эйршоу» деген тақырып қолданған. Анталияда өтетін 20 тобы саммиті тек әлем басшыларымен емес, сонымен бірге олардың ұшақтарымен де назар аударатын болады. Соңғы технологиямен жабдықталған ұшақтар қонатын Анталия әуежайы Airshow-ға ұқсайтын болады. Миллиондаған доллар құнындағы ұшақтардың көбі Boeing 747 типті ұшақ болады. Анталия әуежайында әлем басшыларының ұшақтары үшін арнайы орын бөлінді.
Сабах газеті «Сомада 100 тонна алтын резерві табылды» деген тақырыппен хабар жариялаған. Түркияны қуантатын хабар Манисадан келді. Газеттің хабарына қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрі Али Рыза Алабоюн Манисаның Сома ауданында 100 тонна алтын резерві табылғанын білдірді. Табылған резерв Түркияның қазіргі әлеуетінің 14 пайызымен тең. Аймақтағы зерттеулерде айырықша бақыр, қорғасын, цинк кендері табылды. Кен орнында 2013 жылдан бері іздеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
Йени Акит газеті «Согуксу ұлттық саябағы фильмі рекорд жасады» деген хабарға орын берген. Орман және су министрлігі дайындаған Анкараның Кызылджахамам ауданындағы Согуксу ұлттық саябағын таныстыратын фильм әлеуметтік желіде рекорд жасады. «Согуксу - даладағы орман» атты фильм 1 миллион 100 мың рет тамашаланған. 5 минуттық фильм ұлттық саябақтың ерекшеліктері мен табиғатын баяндайды.
Хүрриет газеті «Алтын глобус өтініші қабылданды» деген хабар жариялаған. Каан Мүждежинің «Сивас» атты картинасы 73-ші Алтын Глобус байқауына қабылданды. Кандидаттар 10 желтоқсан күні жарияланады. Марапат кеші болса 10 қаңтар күні болады. Сонымен бірге биыл Оскарда «Үздік шетелдік фильм» аталымында Түркияның атынан жарысатын «Сивас» фильмінің кішкентай түрік актері Доған Изджи Лос-Анджелесте өткен Asian World кинофестивалінде Қазылар алқасының сыйлығына лайық деп табылған еді.



Ұқсас жаңалықтар