22.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

357299
22.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Үдерісті террор ұйымы тоқтатты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бештепеде қоғам басшыларын қабылдаған президент Режеп Тайып Ердоған шешім үдерісінің террор ұйымы тарапынан жойылғанын атап көрсетті. Ердоған кезеңнің ПКК-ның қару тастау шартымен қайтадан бастала алатынын атап көрсетті. Қоғам басшылары да шешім үшін жалғыз партия билігінің шарт екеніне назар аударды.
Хүррийет газеті «Давутоғлу: Мәскеуде қалса жақсы болар еді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Ахмет Давутоғлу Түркия зейнеткерлер қоғамы Жалпы кеңесінде айтқан сөзінде Сирия елбасы Башар Асадтың Мәскеуге баруын «Ресей бұл режимге қолдауын ортаға қойғанын» атап «Мәскеуде қалса жақсы болар еді» деді.
Стар газеті «Түркияның отандық автокөлігіне жан-жақтан тапсырыс келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышыктың прототиптің танытылуынан кейін азаматтық қоғам мекемелерінен бастап, іскер ұйымдары отандық автокөлікті сатып алуға уәде берді.
Түркия кәсіпкерлер және мамандар палатасы (TESK) төрағасы Бендеви Паландөкен Түркияда 3 миллионнан астам такси бар екенін атап, «Отандық автокөлік аяқталсын өзім тікелей таксилердің отандық автокөлікке назар аудару үшін іс-шараларды бастаймын» деді. Мемур-Сен кәсіп одағының төраға орынбасары Хаджы Байрам Тонбул да отандық автокөлік үшін дайындықтарды бастағандарын атап, барлық қалалық өкілдіктерімен бірге тапсырыс беретіндерін атап көрсетті.
Бурса Сауда және өнеркәсіп палатасы болса (BTSO), отандық марка автокөліктің өндірісі үшін Бурсада TEKNOSAB аймағында орнының дайын екенін атап «Өндіріс үшін лобия жұмыстарымызды жалғастырамыз. Және одақ атынан жергілікті марка автокөлігімізге сенеміз. Символдық түрде 100 көлікті сатып алуға дайынбыз» деді.
Сабах газеті «Түркия Еуроодақтың болашағы үшін соңғы шанс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда еуропалық заңгер Арити-Марина Аламаноу «New Europe» газетіндегі мақаласында Әділет және даму партиясы кезеңінде қол жеткізген демократиясы, аймақтағы дағдарыстарға қарсы тапқан шешімдері және шығыс пен батыс арасында көпір ережесіндегі гео стратегиялық тұғырымен Түркияның Еуропаның жаһандық және аймақтық күшін арттыру үшін қажеттілікке айналғанын атап көрсетті. Соңғы 12 жылда Түркияның қатты өзгергенін атап көрсеткен Еуропаның Тайып Ердоғанға неліктен сену керектігін әртүрлі себептермен түсіндірген Аламаноу «Еуропаның тарихи тұрғысынан қарағанда Түркияның одаққа мүшелігіне қарсы бірақ келешекке сүйенген жаңа бір ұстаным жетілдіруі керек. Босқын дағдарысы мен Еуропаға бағытталған геосаяси қауіптер Еуроодақтың Түркиямен қарым-қатынастарын жаңадан түрлендіреді» деді.
Хабертүрік газеті «MAN-ға 50 миллион долларлық құн ақы соты ашылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда норвегиялық жүк тасымалдау фирмасы I.M. Skaugen кемелерінде қолданған моторлар үшін Фольксвагеннің 75 пайыз қожайыны болғаны MAN-ға 50 миллион долларлық құн ақы соты ашылды.
Фирманың қауесетіне қарағанда MAN-нан сатып алынған 6 мотор өздеріне 30 жыл үшін уәде етілген жанармайдан әлде қайда көп жанармай тауысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар