19.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

393920
19.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газеті «Меркель Түркияға 4 тақырыпта кепіл» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Стамбұлға келіп, президент Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Ахмет Давутоғлумен басқосқан Германия канцлері Ангела Меркель Еуропаға визалардың 2016 жылы шілде айында жойылуына қоса, 4 тақырыпта кепілдік берді. Бұған қарағанда Германия Түркияға босқын дағдарысы үшін 3 миллиард евро қолдау береді. Түркия қауіпсіз елдер ережесіне алынады және Түркияның Еуроодақ мүшелік кезеңін жылдамдатады.
Сабах газеті «Босқындар шекараларға үйілген соң көздері ашылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмуш босқын дағдарысымен бірге Еуропа құрлығындағы мәселелерді Анкараның қолдауы болмай шешудің мүмкін емес екенін, Еуропаның болса мұны жаңа түсінгенін атап көрсетті. Босқындардың Еуропаның шекарасына үйілуімен Еуроодақтың Сирия мәселесіне шешім аясында Түркияның ұсыныстарының орынды екенін көре бастағанын атап айтқан Куртулмуш «Ешбір мемлекет Сирияға қару-жарақ және күш жинақтап бұл соғыста жеңіске жете алмайды» деді.
Йени шафак газеті «Түркияға жақындаймын деп Еуроодақтан алыстады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ министрі Берил Дедеоғлу Еуроодақтың Түркияға мүшелік тақырыбында әрқашан кедергі жасағанын атап көрсетті. Соңғы 5 жылда мүшелік келіссөздерінде тек қана бір тақырыптың ашыла алғанын еске салған Дедеоғлу «Келіссөздер басталғалы Еуроодақ тежегішке басты» деді. Дедеоғлу Еуроодақта босқын мәселесінің өрбиюімен бірге осы ұстанымның өзгергенін және Еуропада енді Түркияны қайтару керектігі көзқарасының пайда болғанын атап айтты.
Стар газеті «Караманға азық-түлік алқабы» атты хабарда экономикасы егіншілікке сүйенген Караман еркін аймақ құрып, әлемнің маңызды азық-түлік өндіру орталығы болуды нысанаға алады. Әлемде артып отырған азық-түлік сұранысын қамтамасыз етуді нысанаға алған «азық-түлік алқабы» жобасымен Караман жаһандық бір марка шығаруды жоспарлайды. Жоба жүзеге асқан жағдайда 5-10 жылдан кейін әлем Караман моделін әңгіме қылатын болады.
Хабертүрік газеті «Муғла табиғи фильм платосына айналды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда тарихи мекен-жайлары және табиғи сұлулығымен жыл сайын жүз мыңдаған турист аралаған Муғлада соңғы кездері түсірілген жергілікті және шетелдік фильмдердің саны артуда. Муғлуда биыл 12 сериал мен 9 деректі фильм, 18 туризм таныту және теледидар бағдарламалары түсірілді. Оскар жүлделі актер Рассел Кроу басты рольде ойнаған «Соңғы үміт» (The Water Diviner) атты фильмі де Муғлада түсірілгендер арасында. Фильм мен сериалдар арқылы аймаққа келуші турист саны да артты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар