03.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

348954
03.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Еуропаның жалғыз үміті – Ердоған» деген хабар жариялаған. Америка Құрама Штаттарында жарияланатын Wall Street Journal газетінде президент Режеп Тайып Ердоғанның Еуропа сапары қарсаңында Түркия мен ЕО арасындағы босқын дағдарысы келіссөзі қолға алынған және ЕО-ның дағдарысты шешу үшін Ердоғанға ұсыныс беруі мүмкін екені айтылған. Еуропаның босқын дағдарысын шешу үшін міндетті түрде Ердоғанның көмегі керектігін айтқан Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан «Менің ойымша қазір еуропалық басшылардың жалғыз үміті Ердоған. Жексенбі күндері Ердоған үшін дұға оқуымыз керек» деді.
Миллиет газеті террор оқиғаларына орын берген. Хабарға қарағанда террор ұйымы PKK салған қабір құлатылған кезде ауыр қарулар табылды. Шешім үдерісі аяқталғаннан кейін өзгерген террормен күрес стратегиясы шеңберінде террор ұйымының шығыс және оңтүстік шығыс аймақтарында салған қабірлері құлатыла бастады. Нусайбиннің Багок аймағында қабір құлатылған кезде ұшақ соғар деп те аталатын ауыр қарулар табылды. Қабір салынған төбеден де бір операция барысында құрлық және әуе нысандарына атқылауға болатыны анықталды.
Хабер Түрік газеті «Әйелдердің фамилия жеңісі» деген тақырыпқа орын берген. Хабарға қарағанда, екі бөлек жоғары соттан әйелдің фамилия талабына байланысты маңызды үкімдер шықты. Яргытай соты әйелдің тұрмыста болса да тек өз фамилиясын қолдануына болатынына шешім берді. Атазаң соты да ажырасқаннан кейін қамқорлығына алған баласына өз фамилиясын беру талабы кері қайтарылған бір әйелді қолдап шешім шығарды. Атазаң соты ажырасқан бір әйелдің өз қамқорлығындағы баласына өз фамилиясын бере алмауын «құқық бұзушылық» деп атады.
Стар газеті «Үшінші әуежайымен Стамбул Еуропаның басымды орталығы болады» деген хабар жариялаған. Түрік әуе жолдары бас директоры Темел Котил стамбулда салынатын әуежайының Еуропа рейстеріне үлкен үлес қосатынын айтты. Еуропалықтардың үйлеріне 10 сағат емес, үш сағатта жететін білдірген Котил былай деді: «Әлемнің ең ірі әуежайы салынғанда 10 сағаттық саяхаттарда Еуропаға ұшатындар транзит ретінде Стамбулды қолданғанда, үйлеріне үш сағат ерте барады. Еуропаның басымды орталығы Стамбул болады. Рейстердің бағасы арзандайды. Стамбулға салынатын үшінші әуежайы әлем тарихын өзгертеді. 45 Африка еліне, Еуропаға 100-ден астам пункт анықтадық. Бұл деңгейге жету үшін көп жұмыстандық. Жұмыстарға үкіметте үлкен қолдау берді»
Хүрриет газеті өнеркәсіп тақырыбына орын берген. Биыл 13-шісі өтетін Өнеркәсіп құрылтайына әзіл-сықақ таңбасын басады. Құрылтайдың 8 қазан күні болатынын баяндаған Стамбул Өнеркәсіп палатасы төрағасы Бахчиван «Құрылтайға Мұстафа Денизли, Демет Акбаг, Али Несин сынды өз саласында беделді тұлғалар қатысады. Әзіл-сықақ алға шығатын құрылтайда қоғамға «өзгеріңіз» деп үндеу тастаймыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар