28.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

385452
28.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабертүрік газетінің «Түркия жиналу лагері емес» деген хабарында БҰҰ Жалпы Кеңесі жиналысы үшін Нью-Йоркта болған премьер-министр Ахмет Дауытоғлұның сөздеріне орын берген. Газеттің хабары бойынша Давутоғлұ «Меркель шынайы. Германиямен бірге босқындар жөнінде бір жұмыс тобы құрамыз. Одан кейін Грекияның да қатысуына болады. Жераблус пен Ахез арасына үш қала құрамыз. Біз бұны Ван зілзаласында құрдық. Қаражатын Еуропа Одағы болып мойныңа алатын болсаңыз бір құрылысын саламыз. Түркия жиналу лагері сынды шарттарды қабылдамады. ДАИШ және режим қатерінен құтқарылған қауіпсіз аймақ өте маңызды болып табылады. Осы тақырыпта кейбір батыстық лидерлердің сыңар жақты көзқарасы бар» деді.


Сабах газеті хабарын «Топтық ғимарат салу басқармасы TOKİ Шығысқа дейінгі 7 қалаға тұрғын үй салады» деген тақырыбымен берген. Газет Шығыс және Оңтүстік-шығыс Анадолыда осы таңға дейін мөлшермен 18,3 миллиард лиралық инвестиция салған TOKİ аймақта 136 мың 771 тұрғын үй сала бастағанын жазған. Хабарда TOKİ төрағасы Мехмет Ергүн Туранның «Шығыста 700 мың отбасы қоныстанатын 100 мың адамдық қала үлкендігінде топтық ғимарат саламыз. TOKİ-ге шетелдіктер өте қызығуда. Аймақ елдері баста болып, мөлшермен 93 елмен кездесу өткізудеміз. Ауғанстан, Иран және Африка елдерінде осы саладағы делегациямен тәжірибемізді бөлісудеміз» дегенін жеткізген.


Йени Шафак газетінің «Jaguar-ға түрік таңбасы» атты хабарында түрік автокөлік қосымша өнеркәсібі 3 миллиондық деңгейімен автокөлік алпауыттарды баурағанын мәлімдеген. Газет BMW және Mercedes-тің қажеттілігін қамтамасыз еткен қосымша өнеркәсіптің соңғы алушылары ағылшын Jaguar-Land Rover екенін баяндаған. Хабарда 24 түрік қосымша өнеркәсіп фирмасымен кездесіп, Jaguar бөлшектерін Түркиядан алатынын жеткізген.


Миллиет газетінің «18 миллион оқушы мектепке барды» деген хабарында шамамен 18 миллион оқушы мен 900 мың мұғалім бүгін мектепке барғанын хабарлаған. Газет Түркияда биыл 1 миллион 136 мың оқушы бастауышта бірінші сынып, шамамен 1 миллион 200 мың оқушы дайындық сыныбына баратынын жеткізген.


Стар газеті «Monte Carlo балеті бір Стамбулдық» атты тақырып қолданған. Газет Стамбул мемлекеттік опера және балет бас бишісі Мелих Мертелді Монакодағы Monte Carlo балетіне аттандырғанын жариялаған.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар