19.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

389996
19.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Мемлекет басшылары террорға қарсы бір үн митингінде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда соңғы кездері артқан террор оқиғаларына қарсы ұлттық бірлік пен ынтымақтастықты ортаға қою мақсатты ертең сағат 16:00-да Стамбұл Йеникапыда үлкен митинг ұйымдастырылады. «Миллиондаған тыныс, террорға қарсы бір үн» ұранымен жүзеге асатын митингке президент Режеп Тайып Ердоған, ТҰҰМ төрағасы Исмет Йылмаз және премьер-министр Ахмет Давутоғлу да қатысады.
Хабер түрік газеті «Биржаға Шимшек пен Бабаджан допинг жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаһандық нарықтардағы сауда толқынымен жабылған Биржа Стамбұлға (BIST) вице-премьер Али Бабажан мен Қаржы министрі Мехмет Шимшек дауа болды. Күнімен минус болған биржа екі министрдің де сайлауда Әділет және өркендеу партиясы үміткерлері тізімінде орын алғаны жарияланған соң жылдам артты.
Йени Шафак газеті «Орташа табысы барлар жақсарды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Статистикалық Мекемесі (TUİK), 2014 жылға қатысты Табыс пен тіршілік жағдайы зерттеуінің қорытындысы жариялады. Мәлімдемеге қарағанда Үздік байлардың 20 пайыздық топ ішіндегі табыстардан алған үлестері азайып жатқанда, ең кедей 20 пайыздықтың табысы артты. Өткен жылы отбасы мүшелері пайдалана аларлық табыс мөлшері 9.8 пайыз артып, 14 мың 553 лираға көтерілді. Бұл маңызды артудың орташа табыс көзі барларда шоғырлануы назар аударды.
Хүррийет газеті «Ресей мен АҚШ-тан маңызды Сирия қадамы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Вашингтон және Мәскеу әкімшіліктері Сирияда әскери тақырыптарда ортақ қозғалу үшін тұңғыш рет жоғары деңгейде байланыс құрды. Әскерлер арасындағы қатынастың артынан қазір де АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путиннің алдағы апта Нью-Йоркта басқосып қоспайтыны халықаралық қоғамның назарын аударды.
Стар газеті «Еуропаның босқындар келіссөздері» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда сириялық босқындардың шекара қақпаларындағы трагедиясы жалғасуда.Еуропа болса бейшара күйде. Франция президенті Франсуа Олланд Сирияда ішкі соғыс аяқталғанша босқындардың Түркияда қалуын ұсынса, Анкара «қауіпсіз аймақ» ережесін жақтағанын қайталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар