17.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

17.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «1 қараша күні террорды жерге көмейік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Жастар клубы федерациясының конгресінде айтқан сөзінде «1 қараша күні жаңа бір кезең болсын. Жаңадан дүниеге келу болсын. Бұл дүниеге келумен осы елде иншалла террорды келіңдер жерге көмейік деймін» деді.
Ватан газеті «Нан тандырына бомба орналастырылған» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мардин Нусайбин ауданында ПКК-лық террористтердің сауытты полиция көлігі өткен кезде алыстан басқарылған тетікпен бомба жарғанын жазған. 3 полиция қызметкерін шәйіт еткен бомбаның жолдың жағасындағы нан тандырына орналастырылғаны ортаға шықты.
Йени шафак газеті «Ислам ынтымақтастығы қайда?» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда негізі 1969 жылы Акса мешітінде радикал бір еврей тарапынан шығарылған өрттің артынан қаланған Ислам Ынтымақтастық Ұйымы құрылу мақсатын ұмытты. Соңғы күндердегі Израильдің провокациялы шабуылдарына үнсіз қарап отыр. Сауд каролі Селманға телефон шалған президент Ердоғанның шақырумен тунистік басшы Ганнуши Ислам Ынтымақтастық Ұйымының жедел түрде жиналуын талап етті.
Стар газеті «әлемді аспанда тасиды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Авиациялық қызмет тақырыбында француз ортағымен бірге 13 елде 69 әуежайында қызмет көрсеткен TAV әуежайлары Африка, Ресей және АҚШ-тағы жекешелендіруге назар аударды. TAV әуежайлары директоры Сани Шенер «Бұл елдерден шақыру аламыз. Сондай-ақ Үндістанда сатып алуларға дайындаламыз, Филиппиндерде нысаналарымыз арасында» деді.
Миллийет газеті «Монархияға қарсы Corbyn ұлттық әнұранды оқымады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбританияда өткен апта оппозициядағы Жұмыс партиясының төрағалығына сайланған Jeremy Corbyn дің Британия соғысының 75 жылдығын еске алу рәсімінде Ангоия ұлттық әнұранын оқымауы наразылық туғызды. Монархияға қарсы республикасын қорғаған Corbyn ішінде «Тәңір патшайымды жарылқасын» деген сөздер бар әнұран оқылған кезде үнсіз қалды. Corbyn дің осы ұстанымы биліктегі Радикал партияға қоса өз партиясынан да наразылықтар келуіне себеп болды. BBC-ге мәлімдеме жасаған Corbyn рәсім аяқталғанша құрметтеуден айнымағанын және мұндай рәсімдерге қатысып жүретінін айтты.
Хүррийет газеті «Алтын доп 11 қаңтарда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда футбол әлемінің ең абыройлы іс-шараларының бірі ретінде «2015 FIFA Алтын доп» жүлдесін ұтып алатын футболшы 2016 жылы 11 қаңтар күні анықталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар