24.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер Түркияның жетістіктеріне орын берген.

339935
24.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті құрбан айтқа дайындықтарға орын берген. Хабарға қарағанда, құрбан айт қарсаңында дайындықтарын аяқтаған түрік азаматтық ұйымдары 3 миллион адамға құрбандық таратады. 23 жылдан бері үздіксіз көмек алып тұрған мұқтаж жандар болса түрік ұйымдарын асыға күтеді. Гуманитарлық кқмек ұйымы, Түркия Дін істері қоры, Амал және ұйымшылдық қоғамы, Көмек қолы қоғамы бастаған мекемелер алдымен азаматтық соғыс және кедейліктен зардап шегіп отырған елдерге көмек көрсетеді.
Сабах газеті «Йөрүктерге көмек» деген тақырыппен хабар жариялаған. Анадолыда ғасырлардан бері жалғастырылып келген көшпелі өмір дәстүрі енді тарихқа көмілуде. Түркияда әлеуметтік және экономикалық жағдайдың өзгеруімен көбі отырықшылыққа өткен Йөрүктердің мәдениетінің соңғы өкілдері Сарыкечиліктер дәстүрлерін қорғау үшін қолдан келгенін істеуде. Қоршаған орта министрлігі 200 шаңырақ қалған Сарыкечилік йөрүктердің тұруы үшін елді мекен анықтады.
Сабах газеті де «MIT тізімінде үш түрік бар» деген хабарға орын берген. Massachusetts Institute of Technology (MIT) Tech Review жыл сайын әлемде маңызды ғалымдардан тұратын тізім жариялайды. 2014 жылы бұл тізімге Түркиядан жалғыз Дерия Кузум енген болатын. Бес түрлі категориядағы 2015 жылғы тізімге үш түрік әйел ғалым енді.
Хүрриет газетінің хабарына қарағанда, Еуропа мен Азия құрлықтарын теңіздің астында бірлестіріп, өткел қамдайтын Еуразия өткел жобасында туннель қазу аяқталды. Босфор бұғазының астында 3 мың 344 метр жер қазылды. Жоба арқылы 100 минуттың маршрут 15 минут болады.
Хабер Түрік газеті «Еуропа композитор сыйлығы Синем Алтандікі» деп жазған. Германияның бас қаласы Берлинде жыл сайын өткізілетін музыка фестивалі аясында берілетін «Еуропаның үздік композиторы» сыйлығын түрік қызы иеленді. Хабарға қарағанда Еуропалық жастар оркестрлері Германия Достық тобының фестивалінде берілетін сыйлыққа Синем Алтан «Хафриат» атты туындысы үшін лайықты деп табылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар