16.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

329394
16.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабартүрік газетінің «Түркия болмаса ол мұнай сатылмайды» деген хабарында Энергия және табиғи байлықтары министрі Танер Йылдыз Ирак күрд аймақтық әкімшілігінен келген журналисттер делегациясына Түркия-Ирак қарым-қатынастарын түсіндіргенін және сұрақтарға жауап бергенін жазған. Газет Энергия және табиғи байлықтары министрі Танер Йылдыздың Солтүстік Ирак мұнайының әлем нарықтарына жеткізілу жұмысының Түркияға байланысты екенін айтқанын жариялады. Хабарда Ирактан Анкараға келген журналисттерді қабылдаған Йылдыздың «Түркия болмаса бұл жұмыс болмайды. Бағдат осы жұмысқа рұқсат бермеген. Бұл жұмысты оңай қылған Түркия» дегеніне орын берілген.


Стар газеті хабарын «Фирмалар Түркияда инвестиция үшін дайындалуда» деген тақырыбымен берген. Газет Түрік фирмалары Тегеранға инвестиция салуды жоспарлаған кезде Иран іскерлері де Түркия үшін дайындалғанын жеткізген. Хабарға қарағанда ирандық инвесторларға Түркиядағы инвестиция орайлары түсіндіріледі. Иранда жұмыс істеген жалғыз шетелдік бақылау фирмасы болған Тәуелсіз бақылау ақылшы фирмасы мен Иран мемлекетінің мекемесі болған Industrial Management Institue өзара инвестиция мүмкіндіктерін түсіндіру жөнінде ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Тегеранда 8-9 қазан күндері аралығында ұйымдастырылатын жиналыс үшін баспасөз арқылы жарнама берген Иран İndustrial Management-ке қазірдің өзінде көп талап бар.


Ватан газетінің «Түнелде соңғы 75 метр» атты хабарында Еуразия түнелі жобасында тарихи күнге аз қалғанын жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Феридун Билгин 2014 жылы 19 сәуірде Азия жағасында басталған қазба жұмыстарының осы айдың аяғына дейін Еуропа жағасында тамамдалатынын айтты. Жоба үшін арнайы түрде өндірілген және Стамбул Бұғазы астында 3,344 шақырымдық алаңды қазып ілгерілеген түнел ашу машинасымен екі құрлықтың теңіз астында бірлестірілуі болады.


Йени Шафак газеті «Ризе-Артвин әуежайының бұрғылау жұмыстары бітті» деген тақырып қолданды. Газет Шығыс Қаратеңізді әлемге жалғастырады және Түркияның теңіз үстіне салынған тұңғыш әуежайы болған Орду-Гиресун әуежайынан кейін Түркияның және Еуропаның теңіз толтырып салынатын екінші әуежайы болу ерекшелігіне ие Ризе-Артвин әуежайының ұшу алаңының бұрғылау жұмыстарының біткенін жазған.


Сабах газеті «Үлкен 20-дан Белекке 40 миллион евро» деген хабарында Әлем лидерлерін Анталияда бірлестіретін Үлкен 20 саммитінің дайындықтарының басталғанын мәлімдеген.


.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар