18.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

381827
18.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті хабарды «Отандық жолаушы ұшағының моторы да жергілікті болады» деген тақырыбымен берген. Газет премьер-министр Ахмет Давутоғлұның 27 мамыр күні таныстырған және 2019 жылы аспанда болуы жоспарланған Түркияның алғашқы отандық ұшағының моторы да жергілікті болатынын жазған. Хабарда түрік инженерлері тарапынан дизайн етілген отандық ұшағының мотор технологиясы мемлекет құпиясы сынды сақталатынына орын берілген. Газет инженерлер аз жанармай жейтін, сондай-ақ жоғарғы перформанс ерекшелігіне ие және қауіпсіз мотор өндіретінін жазған.


Хабартүрік газетінің «Өнеркәсіп желінің арқасында шығын азаяды» деген хабарында үкіметтің көп электр тұтынған өнеркәсіп орындарының энергия шығындарын азайту және өзі электр өндіру үшін аттанысқа кіргенін жариялаған. Хабарға қарағанда өнеркәсіп орындары күн және жел стансасын құра алады. Осы арқылы жаңалануға болатын энергия қайнарларының қолданылуы, қоршаған ортаның қорғалуы және энергияда шетелге бағыныштылығын азайтуы нысанаға алынуда.


Йени Шафак газеті «Денизли орамалы әлемге әйгілі» атты хабарында Денизли текстильшілері тез құрғайтын, суды еметін орамалымен әлем нарығында маңызды орын иелегенін жеткізген.


Сабах газеті «Түркия әлем саяхат лигасында 7-ші орында» деген тақырып қолданған. Газет несие бағалау ұйымы Merrill Lynch өз алушыларына да қызмет ұсынған жаһандық саяхат фирмасы Virtuoso-ның саяхат тізімі арқылы жасаған зерттеуді жариялағанын жазған. Хабарға қарағанда Түркия «Ең тез қырқында үлкейген 10 саяхат дестинационы» тізімінде 7-ші орынды иеледі. Түркия үшін де мынадай сөз жазылды: «Еуропа мен Азия арасында бір көпір міндетін атқарған Стамбул басқа қалалардан ерекше. Сонымен қатар Кападокияның пері мұржаларынан құралған табиғат сұлулықтары зияратшыларды өзіне баурауда».


Миллиет газетінің «Истиклар көшесі ең үздік қатарында» атты хабарында Reuters хабар агенттігі Instagram сайтында ең тартымды 20 фотосуретті жариялағанына орын берген. Хабар бойынша Стамбулдың қарлы Истиклар көшесі фотосурет тізімінде 18-ші орынды алды. Газет фотосуреттің «Адамдар қақаған аязда Истиклар көшесінде жүруде» деген тақырыппен ұсынғанын жазған.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар