15.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

380631
15.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Саясат – келісім өнері» деген тақырып қолданған. Президент Режеп Тайып Ердоған азаматтық қоғамдық ұйым өкілдерімен бас қосты. Осы ауызашарда президент коалиция келіссөздерін жүргізген партияларға үн қатты. Коалиция келіссөздерінің жақсы жүргізілуін және жағымды нәтиже беруін тілеген Ердоған Сирия, Ирак, Грекия, Украина сынды көрші елдердегі ахуалды меңзеп, мәжілістегі саяси партиялардың елдің болашағын ойлап қадам басулары керектігін айтты. Ердоған «Жұдырықпен қол алыспайды. Саясат келісім деген сөз, ортақ мүдделер аясында келісімге келу өнері» деді.
Стар газеті болса ядролық келіссөзге орын берген. Хабарға қарағанда, премьер-министр Ахмет Давутоғлу Иран мен батыс елдері арасында жасалған ядролық келісімді ризашылықпен қабылдады. Давутоғлу «Осы келісімге бұдан бұрын қол қойылғанда, атомдық қару қаупі жойылған болар еді. Эмбарголардың доғарылуы да біз үшін жағымды жағдай» деді. Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз да «Инвестициялардың жолы ашылады» деді. Хабарға қарағанда Қаржы министрі Мехмет Шимшек «Келісім түрік экономикасы үшін – жақсы жаңалық. Сауда мен инвестициялар көбейе түспек» деді.
Хабер Түрік газеті де осы жайлы хабарды «Эмбаргоның жойылуы ирандық туристерді тартады» деген тақырыппен жариялаған. Иранмен жасалған келісім түрік туризм саласы өкілдерін де қуантты. Түркия Саяхат агенттіктері одағы төрағасы Башаран Улусой бұл жағдай Түркияның туризм секторына жақсы үлес қосады деп ойлайды. Хабарға қарағанда, ирандықтар өз елдеріндегі ұшақтарға эмбаргоға байланысты бөлшек таба алмауы туристердің Түркияға келуіне кедергі болып келді. Улусойдың айтуынша жылда шамамен келетін 1,5 миллион Иран туристерінің саны 2 миллионға жетеді.
Ватан газеті «Түркияның үздік банкі сайланды» деген тақырып қолданған. Акбанк Euromoney тарапынан ұйымдастырылған Мінсіздік сыйлығы аясында Түркияның үздік банкі болып таңдалды. Акбанк осы сыйлықты соңғы он жылда алтыншы мәрте алып отыр. Марапат кеші әлемнің басты банк басшыларының қатысуымен Лондонда болып өтті.
Сабах газеті Түрік әуе жолдарының мерекелік қадамына орын берген. Түрік әуе жолдары ораза айт мерекесіне орай Airbus A-321 типті ұшағын арнайы әдіспен «кидірді». Түрік және Таяу Шығыс нақыштарымен безенген ұшақта ағылшын және араб тілдерінде «Мереке құты болсын» деп жазылады. Ұшақты ораза айт тойлайтын барлық елдер көретін болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар