14.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

380312
14.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газетінің «Мереке базары» атты хабарында Рамазан мерекесіне аз күн қалғанда алыс-беріс жұмыстарының басталғанын хабарлаған. Газет текстиль, азық-түлік, жеміс-жидек және туризм секторының жанданғанын жеткізген. Хабарға қарағанда азық-түлік пен киім-кешек бағаларында өткен жылмен салыстырғанда бір өзгеріс жоқ. Осы мерекеде 30 мың адамның шетелге шағуы күтілуде. Жолаушы саны мемлекет іші саяхаттармен бірге 1 миллионға жетеді.


Сабах газеті хабарын «Мықты маман ал, айлығын мемлекет төлесін» деген тақырыбымен берген. Газет үкіметтің жоғарғы технология фирмалары үшін бастаған жобаларда өтініш тізімдерінің жұма күні бітетінін жазған. Хабар бойынша жеке секторда қызметкер алуға қолдау жасау жобасы аясында мықты маман алғысы келген фирмаларға алынған мамандарға айлығын 2 жыл бойынша мемлекет төлейді.


Хабартүрік газетінің «Түркия күн энергиясына бай ел» атты хабарында жаңалануға болатын энергия қайнарларының маңызы барған сайын артқан Түркия күннің күшін көре бастағанын мәлімдеген. Газет күннен электр өндіруде құрылған күш 71 мың мегаваттан асқанына орын берілген. Хабарда Түркияның күннен электр өндіру потенциялы болса кем дегенде 500 мың мегаватт екенін жариялаған. Хабарға қарағанда 790 шаршы километр алаңға қондырылатын панелдермен электр энергиясының барлығын қамтамасыз ете алады. Жобаның іске қосылуымен Түркияда 3,2 миллион тонна көмір қышқылы азаяды, энергияда кем дегенде 1 миллион тонна мұнай үнемдеу болады.


Йени Шафак Газетінде «Ежелгі қала Ани де ЮНЕСКО тізіміне кіру жолында» деген хабар орын алды. Газет көне тарихқа ие Карстағы Ани ежелгі қаласының ЮНЕСКО тарапынан әлем мұрағат тізіміне қабылдануы үшін жұмыс бастағанын жазған. Хабарға қарағанда қабылданған жағдайда Ани ежелгі қала Түркиядағы 16-шы әлем мұрағаты болады.


Хүрриет газетінің «Барселонада Арда шовы» атты хабарында жаңа командасы Испания алпауыты Барселонамен алғашқы машыққа шыққан ұлттық футболшы Арда Туранның қалжыңдарының достарын күлдіргенін жеткізген. Хабар бойынша Atletico Madrid-тен 41 миллион евроға сатып алынған Арданың урувайлық Шуарезбен қалжыңдасқаны байқалды.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар