07.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген

335546
07.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Орташығыс Техникалық Университеті адамсыз құрлық көлігі жетілдірді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Орташығыс Техникалық Университеті ғалымдары қауіпке толы ой-шұңқыр жер бедерінде қауіптен аулақ, өз бағытын өзі анықтап жол картасы шығаратын 3D көрініс пен тереңдіктердің карталарын сыза алатын, роботтық ерекшелікке ие жүргізушісіз құрлық көлігі жетілдірген. Өзі шешім қабылдау қабілетіне ие көлік алыстан басқарыла алады.
Йени Шафак газеті «Түріктер технологияда жаңалық ашатын табысқа қол жеткізді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жоғары білімі бар екі жас "5G" мен "кабельсіз" ақпарат технологиясы саласында жаңа чип жетілдірді. Хабарға қарағанда АҚШ-та ұйымдастырылған «Радио толқыны бағдарлама енгізілетін интегралдық схемалар» симпозиумда екі жасқа сыйлық табыс етілді. Жобамен «5G» жылдамдығы арқылы HD бейне таспалар 1 секундтың ішінде ұялы телефонға енеді. Бұл жаңа технология қысқа уақытта миллиондаған адамның қызметіне ұсынылады.
Хабертүрік газеті «Қытайға аяқ киім сатамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда отандық өндірісті қорғау мақсатты импортталған аяқкиімдерге 2014 жылы іске қосылған қосымша салық жемісін бере бастады. Хабарға қарағанда мамыр айында аяқ киім импорты сәуір айымен салыстырғанда 52 пайыз азайды. Мамыр айында 38.2 миллион долларлық аяқкиім импортталғанына қарамастан 57.6 миллион долларлық аяқкиім экспортталған. Түрік кәсіпкерлер аяқкиімді бәсекелесі Италиядан 50 пайыз арзанға өндіреді. Бұл жаңалықтың артынан Қытай халқы Италияның орнына түрік аяқкиім өнімдерін таңдай бастады.
Миллиет газеті «Топкапы Сарайы кереметтер тізіміне енді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда неміс «До́йче Ве́ле» дайындайтын Еуропаның тамаша 10 сарайы тізімінде Топкапы Сарайы да орын алды. Газет Топкапы Сарайының өте керемет бағы себепті мақтан тұтылғанын жазған. Хабарда 1985 жылынан қазірге дейінгі ЮНЕСКО-ның әлем мұра тізімінде орын алған Топкапы Сарайы құрылыс жұмыстарының 1461 жылы Фатих Сұлтан Мехмет дәуірінде бастап, 1478 жылы аяқталғаны атап көрсетілген.
Хүррийет газеті «Оппозиционерлердің Түрік лирасын ұсынысы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда оппозиционерлер Сирияның ең үлкен қаласы Халебте валюта ретінде Түрік лирасын қолдануды ұсынды. Оппозиционерлер бұл әдіспен Башар Асадқа қарсы экономикалық қысым жасап, билігін жылдам құлатуды мақсат еткенін алға тартады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар