04.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

331614
04.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «Батыстық күштер әлсірейді, жетілген ел Түркия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ақыр заманның дәрігері лақапты инвестиция маманы Марк Фабер Грекия дағдарысының жалғыз жауаптысының батыстық қаржы мекемелері екенін атап көрсетті. Фабер «Жаңа бір әлем тәртібі бар. Батыстық күштердің әсері уақыт өткен сайын жойылады. Түркия, Бразилия, Үндістан сияқты жаңа елдер жетілуде» деді.
Хабертүрік газеті «Сауда орталықтарының айналымдағы табысы 20% артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2015 жылы мамыр айында сауда айналымы индексі өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 19.7% артты. Технологиялық өнімдерде 25%, жалпы категорияда 20%, текстил категориясында 18%, азық-түлік категориясында 14% және аяқкиім категориясында 11% арту тіркелді. Басқа автокөлік саудасы үздіксіз артуда. Жылдың алғашқы 6 айында автокөлік және жеңіл сауда көліктерінде нарық 50.79% өсті.
Cабах газеті «Кедейлік 2 айызға азайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда үкіметтің тиімсіз азаматтар үшін қамқоршылық жасағаны әлеуметтік жәрдемдер миллиондаған адамды қуандырды. 3 миллион 6 мың отбасы әлеуметтік жәрдемнен, 2 миллион 274 мың үйде айлық сияқты ақшалай жәрдемнен пайдаланды.13 жылда 23 миллиард долларға ұласқан әлеуметтік жәрдемдер кедейлікпен күресте әлемге үлгі боларлықтай бір табысқа ұласты. 2002 жылы 30.3% болған кедейлердің мөлшері 2 пайызға азайды.
Стар газеті «Жаңа шеріктер 10 мың баклава таратады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сұлтан Сүлейман дәуірінде басталған «Баклава шеруі» дәстүрі 500 жыл бойы жалғасты. Стамбұлдың Фатих муниципалитеті баклава шеруін осы дәстүр ортаға шыққан Сұлтанахметте керемет бір рәсіммен қайтадан халыққа ұсынады. Бүгін Сұлтанахметте құрылатын үлкен платформада кезеңнің әскери формаларын киген 100 жаңа шерік әскери Баклава шеруін жандандырады. Бұрынғы дәстүрге сәйкес ұйымдастырылатын рәсімде 10 мың дана баклава таратылады.
Ватан газеті «Италияндық шеф Иаттео: Түріктер жаңа дәмдерді сынауда өте батыл» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда италияндық әйгілі аспаз Маттео Бертулетти түрік тағамдары жайлы мәлімдеді. Түрік дастарханының өте терең бір мәдениетке ие екенін атап айтқан италияндық шеф «Түркияның Оңтүстік шығыс дәмдері жалпы Орта шығыстың іздеріне ие. Эгей аймағының дәмдері болса әбден басқаша. Стамбұл дәмдері сұлтандардың асханасы болғаны себепті өте бай» деді. Түрік асханасында жеп көретін өте көп нәрсе бар екенін атап айтқан Маттео «Жалпы түріктер әртүрлі дәмдерді сынауда ашық бір қоғам. Бұл тақырыпта өте батыл» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар