03.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

330341
03.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газеті «Шекара ауыр жүктер тасымалдануда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Газиантептен жолға шыққан көптеген танк, сауытты көлік және әскер Килиске ұласты. Әскерлердің Өнджупынар шекара қақпасы маңындағы қауіпсіздік бекеттері мен Элбейли ауданындағы шекара желісіндегі маңызды жерлерге қоныстандырылғаны атап көрсетілді. Килиске барған 2-ші армия қолбасшысы генерал-лейтенант Адем Худути болса шекара желісіндегі жасақтарды аралады. Жойғыш ұшақтар болса Ирак пен Сирия шекараларында үздіксіз бақылау ұшуында.
Йени шафак газеті «Алдынғы жұмыс атазаңы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ТҰҰМ төрағасы Исмет Йылмаз халыққа өкілдік жасау мөлшері 97 пайыз болған Мәжілістің алдынғы жұмысының барлық тараптарды қамтитындай бір атазаңы болу керектігін атап көрсетті. Йылмаз «4 партиямыздың да күш жұмсап, түрік ұлтына жарасатын, замандас құндылықтарға лайықты, адам құқықтары мен еркіндіктерін кепілдікке алған, дегенмен біздің жергілікті және ұлттық құндылықтарымызды да қамтитын бір атазаңы жасайтынын үміт етемін» деді.
Сабах газеті «Метал алпауыты Түркияға орталық ашады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орыстар туризм мен қаржының артынан қазір өнеркәсіп саласында Түркияға бағытталды. Орыстардың ең маңызды метал фирмаларының бірі және алюминий алпауыты «Русал» Түркияға келуге шешім қабылдады. Алдымен Стамбұлда орталық ашқан Русал Түркиядағы операциялардың басына болса Ассан Алюминий фирмасының фабрика директоры Ихсан Көсеоғлун тағайындады.
Стар газеті «Голливуд жұлдыздары түрік локумы жейтін болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Шекер фирмасы таныту тобы төрағасы Хидайет Кадироғлу түрік локумы және шекерлерін таныту үшін Голлувудқа барып, фильм режиссерлерімен кездесетінін атап айтты. Сериал және фильмдерде демеушілік немесе өнім таныту арқылы тауарларын танытқысы келгенін айтқан Кадироғлу Нарниа хроникасы фильмінде түрік локумы желінетін бір сахна бар екенін еске салды. Кадироғлу жапон «Doutor Coffee» фирмаларына да түрік кофесінің қасында түрік кофесі концепциясымен кіретінін жеткізді.
Хабертүрік газеті «Баскетболшы Ашык рекорд жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда NBA-де ойнаған табысты баскетболшымыз Өмер Ашык командасы «New Orleans Pelicans»-пен 5 жыл үшін 60 миллион долларға келісті. 28 жасар Ашык осылайша тарихта ең көп табысы бар спортшы атағын алды. 9 шілде күні ресми келісім-шартқа қол қоятын Өмер Ашык 60 миллион долларлық табыспен бұрын Орландо командасымен 52.8 миллион долларға қол қойған Хидайет Түркоғлу мен Utah Jazz командасымен 50 миллион долларлық контракт жасаған Мехмет Окурды артта қалдырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар