01.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

327306
01.07.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті аймақтық проблемаға орын берген. Хабарға қарағанда, Сириядағы террордан қашуға тырысқан босқындардың амандығы үшін «Сенімді аймақ» қалыптастыруды ұсынған Анкара осы талабын 2005 жылы БҰҰ Әлемдік саммитінде қабылданған «Қорғау жауапкершілігі - 2P(Responsibilility to Protect) шешіміне байланыстырады. Осыған орай Түркия босқындарды қорғау жауапкершілігінен де қашпайды. Аталмыш шешім арқылы Асад секілді заңдылығынан айрылған елдердің азаматтарының құқықтарын қорғай алмайтын жағдайда БҰҰ шешімімен халықаралық қоғам атынан бір немесе бірнеше елдің операция жасауының алды ашылады. Анкара осы жауапкершілікті әлемге паш етуге дайындалуда.
Сабах газеті болса «Ынтымақтастық ұсыныстарына ашықпыз» деген тақырып қолданған. Премьер-министр Ахмет Давутоғлу қарыз дағдарысы салдарынан банкрот болған Грекияға көмек беруге дайын екенін айтты. Премьер-министр партиясының мәжілістегі жиналысында ІМҒ-ке 1,6 миллиард евро қарызы бар Афины үкіметіне «Қолымыздан келгенді жасаймыз, ынтымақтастық ұсыныстарына ашықпыз» деді. «Дағдарысты шешім үшін басылатын қадамдарды өзара отырып сөйлесу мақсатымен Грекияға барамыз» деді ол.
Хабер Түрік газеті мәдениет саласынан бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Мәдениет және туризм министрлігі Ұлыбританияның елордасы Лондонда өткен әлемнің ең ірі бақша және гүл көрмесіне қатысты. Түріктердің жобасы «Жұмақ бақшасы» деп аталады. Осы дизайн «әлем бақшалары» категориясында бірінші орын алды.
Хүрриет газеті «Қыздар келеді» деген тақырып жариялаған. Дүние жүзіндегі мүше саны ең көп әйелдер ұйымдарының бірі Халықаралық Сороптимист федерациясының жиыны Стамбулда өтеді. Хабарға қарағанда бұл жиын 4 жылда бір өтетін конвенция 9-12 шілде күндері аралығында болады. 129 елден 90 мың мүшемен қызмет көрсететін Сороптомист ұйымы қоғамдық және әлеуметтік тұрмыста белсенділік танысқан іскер әйелдерден тұрады. Сороптомисттер бүгінге дейін 4 мыңға жақын жоба арқылы 120 мың әйелге көмектесті.
Миллиет газеті «Италияда балалармен бас қосады» деген хабарға орын берген. Түрік режиссер Селджен Йылмазоғлуның «Хүршит» атты қысқа метражды фильмі Италияның балалар және қысқа метражды кинофестивалінде байқау категориясына сайланды. 45-ші Гиффони фильм фестивалінде әлем көлемінде 4200-ден астам фильм арасынан таңдалған ұзын және қысқа метражды барлығы 98 фильм көрсетіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар