26.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

320372
26.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газетінің «Анкарада денсаулық сақтау орындарына 876 евролық ақшалай қайнар» атты хабарында Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекет пен жеке кәсіп ортақтағы үлгісімен жүргізілген интеграция денсаулық сақтау орындары бағдарламасы аясында Анкара Етлик интеграция денсаулық сақтау орындарына ақшалай қайнар қамтамасыз етілгенін жеткізген. Хабарға қарағанда 876 евролық ақшалай қайнар қамтамасыз еткен отандық және шетелдік 13 банктен құралған консорциум арқылы жобаны атқаратын фирмалар арасында ұйымдастырылған келісім Стамбулда қол қойылды.


Стар газетінің «7,5 миллиард долларлық Abraaj холдингі GAP үшін келуде» деген хабарында әлемнің ең үлкен қорының бірі Abraaj холдингі Түркияда фирма құрғанына орын берген. Газет Abraaj холдингі жаңа ортақтықтар үшін бағытын Оңтүстік-шығыс Анадолы аймағына бұрғанын жеткізген. Хабарда Газиантепте бір фирмамен ортақтық жасау түйініне келген Abraaj холдингтің Шанлыурфа, Кахраманмараш және Диярбакыр сынды қалалардағы шағын және орта деңгейдегі іскерліктерді көздегені жеткізілген.


Миллиет газетінің «Әйгілі ғылым паркіне түрік зерттеу орталығы» атты хабарында Арчелик Ұлыбританияда Кембридж университетіне қарасты Тринити-колледжнің басқаруындағы мемлекеттің тұңғыш ғылым паркі болған, сондай-ақ әлемнің ең маңызды технология фирмаларын тармағына алған Кембридж академиялық паркте зерттеу орталығының ашылатынын жазған. Газет орталықтың компьютер бағдарламасы, жаңа дизайн, заманауи өндіріс технологиялары баста болып көптеген тақырыпта зерттеу жүргізілетінін жариялаған.


Ватан газетінің «Аясофия үшін ең құнды еңбек 162 жылдан кейін басылды» деген хабарында сәулетші Gaspare Trajano Fossati-нің Сұлтан Абдүлмежидтің демеуімен Лондонда басып шығарылған Аясофия және Стамбулмен байланысты мағлұматтар орын алған «Aya Sofia Constantinople» атты еңбегі 162 жылдан кейін қайтадан оқырмандарға ұсынылғанын хабарлаған. Хабарда Премьер-министрлік кітапханасында орын алған нұсқасына негізделген жұмыстарда еңбек қайтадан француз тілі, түрік тілі, араб тілі және ағылшын тілінде жарияланғанын жазған.


Хабартүрік газетінің «Түрік әуе жолдарының тамақтары шетелдіктердің тамақ дағдысын өзгертті» атты хабарында Түрік әуе жолдары 2 жыл алдында ұшақтарда палау және құрғақ фасоль сынды түрік тағамдарының кейбір түрін ұсына бастап шетелдік жолаушыларының тамақ дағдысын өзгерткенін баяндаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар