21.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

312281
21.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабертүрік газеті «Суруч босқындар лагері әлемге үлгі болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Суруч ауданында босқындар өмір сүріп жатқан босқындар лагері халықаралық Associated Press (AP) хабар агенттігіне тақырып болды. 15 аймаққа тараған 7 мың шатырда 25 мың босқынның комфорт өмір сүргеніне орын берген жаңалықта лагердің әлемнің ең көп босқын өмір сүрген лагері ретінде символға айналғаны атап көрсетілген. Хабарда сондай-ақ 2 миллионнан астам сириялық өмір сүрген Түркияның әлемге үлгі боларлық бір пидақорлық жасағаны жазылған. Хабарда Түркия осыны жасап жатқанда, Еуроодақ мемлекеттерінің де босқындардың қайықтарын суға батыру көзқарасын пікірталасқа қойып, босқын квотасын арттыруға тырысқаны ортаға қойылған.
Йени шафак газеті «Денсаулық сақтау туризмі үшін 33 орталық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Түркия шекара мен жағалау Денсаулық сақтау бас дирекциясы ел туризміне үлес қосу мақсатты Түркияға шекаралас жағалауларда денсаулыққа қатысты бақылауларды жылдамдатып, елге одан көп турист кірісіне үлес қосу үшін денсаулық сақтау қызметкерін тағайындады. Кемелер мен яхталарда қызмет беру мақсатты 33 Жағалау Денсаулық бақылау орталығы міндет атқарады.
Стар газеті «‘National Geographic’-тің ең қорқусыз түркі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің ең көп риск алған 22 зерттеушісінің бірі сайланған, халықаралық және ұлттық көптеген сыйлықтың иегері түрік ғалымы доцент доктор Чаған Шекерджиоғлу ‘National Geographic’-тің тұңғыш фотосуретшісі болды. Фотограф және фильм агенттігі «National Geographic Creative» үшін жұмыстануға қол жеткізген Шекерджиоғлуның фотосуреттері «http://talent.natgeocreative.com/talent» адресінде жарияланды. Шекерджиоғлуның жұмыстары «National Geographic Түркия» журналынлда да баспаланады.
Хүррийет газеті «Ұлт келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Grammy жүлделі музыкант Маркус Миллер 22-ші Стамбұл Джаз Фестивалі үшін Түркияға келеді. Замандас джаз музыкасының аты аңызға айналған тұлғаларының бірі қабылданған Миллер фестиваль аясында 2 шілде күні концерт қояды. Өнерпазбен бірге саксафонда Алек Хан, гитарада Адам Агати, пернетақталы саздарда Бретт Уильямс және барабанда Луис Като сахнада орын алады.
Сабах газеті «Ақылды телефонда ‘jet lag’ бастамасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық Авиация мекемесі (IATA), «jet lag» деп белгілі қысқа мерзімдерде ұзақ қашықтықтарға ұшатын жолаушылардың биологиялық ритм бұзылуы мәселесіне шешім үшін ақылды телефон бастамасы жетілдірді. SkyZen деп аталатын бастама сағат айырмашылығы мен күн райын назарға алып, қолданушыға жолаушылық аяқталғанша алдымен қашан қанша уақытқа ұйықтау керектігі және биологиялық ритмді сақтау үшін не жеу керектігі сияқты пайдалы мәліметтер береді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар