14.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

303612
14.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газеті «Жасанды интеллект үшін Стамбұл саммиті» атты хабар жариялаған. Адам миы күшіне ұласатын машиналар саналы бола ма? Хабарға қарағанда әлемнің белгілі ғалымдары осы сұраққа жауап іздейді. Әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық логика маманы ғалым, пәлсапа маманы, математик және компьютер маманы «Бүкіләлемдік Логика конгресі (UNILOG)» үшін Стамбұлға келеді. 30 маусым күні конгресс аясында ақыл алға шығады.
Сабах газеті «Шетелдік өнерпаздардың көзқарасы өзгерді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияға келген шетелдік жұлдыздардың елге қарамы болымды. Өнерпаздар көзқарастарын әлеуметтік медиа арқылы бөліседі. Шетелдік әншілер Түркияға келместен бір неше күн бұрын Твиттер және Фасебоок арқылы «Стамбұлға барамын, сізді де күтемін» деп жазады. Концерттен кейін болса Стамбұл сені жақсы көремін» деген твит таратады. Осы твиттерді басқа менеджерлер мен әншілерде оқиды. Түркияға келуші әншілер саны 10 жылда керемет артты.
Йени шафак газеті «Адамзаттың тарихы мұражайда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Шанлыурфада ашылған Археология мұражайында келушілеріне адамзаттың ежелгі дәуірден бастап қазірге дейінгі болмысы жәдігерлер, анимация және имитациялар арқылы таныстырылады. Мұражайға қойылған шығармалар хронологиялық тәртіппен тиісті кезеңдерге тән көріністермен келушілерге дәл сол дәуірде өмір сүріп жатқандай сезіндіреді.
Стар газеті «Әуежайы ашылды инвесторлар келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әлемде теңіздің үстіне салынған үш әуежайынан бірі ретінде Орду-Гиресун әуежайының ашылуымен аймаққа қатынастың жеңілдеуі шетелдік инвесторларды қызықтырды. Кувейт, Катар және Суд Арабиясынан 5 инвестор Орду қаласында туризм саласына инвестиция салу үшін келіссөздерді бастады. Шетелдік бір инвестор болса табиғи сұлулығымен керемет аймақта тау туризмі үшін іске кірісті. Аймақ әсіресе таза теңізі және көгілдір орманымен қызығушылықты арттырады.
Хабертүрік газеті «100 мың адам жеңілдікке жүгінді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропаның ең керемет қалаларының бірі Стамбұл биыл 5-ші рет ұйымдастырылған «Shopping Fest» пен естен кетпейтін «Стамбұл» тәжірибесі мен сауда мүмкіншілігін бірге ұсынады. «Іstanbul Shopping Fest» аясында «Mall of Іstanbul» дағы аңызға айналған жеңілдік кешінде рекордқа ұласты. Көптеген өнімде бағалар жеңілдеді. Түн ортасына дейін жалғасқан саудаласуда келушілер саны 100 мыңнан асты. Мыңдаған өнім қысқа уақыттың ішінде тауысылды. Стамбұл сауда күндері 28 маусым күніне дейін жалғасады. Басқа жағынан Анкараның туристік ауданы Бейпазарында да фестиваль қуанышы жалғасуда. 22-ші рет ұйымдастырылған фестивальге мыңдаған адам қатысты. Бейпазары фестивальі бүгінде жалғасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар