11.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

11.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Үлкен инвестициялар Түркияны екінші орынға көтерді» атты хабар жарияланды. Хабарға қарағанда соңғы жылдары бірінен соң бірі іске асырылған үлкен инвестициялар Түркияны халықаралық қоғамда шыңға көтерді. Әлем банкі Түркияның даму жолындағы мемлекеттер арасында Мекемелік және жекеменшік сала ынтымақтастығында ең көп инвестиция салған екінші ел екенін жариялады.
Әлем банкінің 139 даму жолындағы мемлекетті қамтыған ‘2014 Жаһандық деңгейдегі Мекеме және жекеменшік сала ортақтығы инвестициялары’ тақырып зерттеу рапортында Түркия Бразилияның артынан екінші орынға көтерілді.
Йени шафак газеті «Германия мен Францияны артта қалдырдық» атты хабар жарияланды. Хабарға қарағанда биылдың алғашқы ширегінде 2.3 пайызға өскен Түркия Еуропаның ең жылдам өскен мемлекеттер қатарында орын алды. Осы кезеңде Германия 1 пайыз, Франция 0.7 пайыз өсу көрсетті. Еуроодақ мүшесі мемлекеттер болса орташа 1.5 пайыз өсті. Болжамдардан асып түскен Түркия осылайша 22 ширектен бері үздіксіз өсуін жалғастырды. Алғашқы ширекте 577 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Еуропада болса жұмыстан шығару дағдарысы тарауда.
Миллийет газеті «Түрік кофесіне ләззат сыйлығы» атты хабар жарияланды. Хабарға қарағанда «түрік кофесі» орталығы Брюссельдегі Халықаралық Дәм мен сапа институты (iTQi) тарапынан керемет дәм мен сапалы тамақтар және сусындарға берілетін «Жоғары ләззат сыйлығын» алады. Жоғары ләззат сыйлығы iTQi тарапынан 150-ден астам дәм татушы, аспаз, сусын маманы және академиктің бағалауымен беріледі. Түрік кофесі әртүрлі кофе өзегімен аралас дайындалды.
Хабертүрік газеті «Алтын медаль үшін» атты хабар жарияланды. Хабарға қарағанда Венгрия мен Румынияның ортақ ұйымдастырған және қонақжайлық жасаған Баскетболдан 3-ші Еуропа әйелдер чемпионаты бүгін басталады. Үлкен турнирде 2011 жылы Польшада күміс, 2013 жылы Францияда қола медаль алған спортшыларымыз Румынияның Орадеа қаласында жүзеге асатын турнирде «Б» тобында Грекия, Польша, Белоруссия және Италиямен ойнайды. Ұлттық құрама «Oradea Alexe» залындағы алғашқы матчын бүгін кешкі уақытта Польшамен ойнайды.
Стар газеті «Винус Уильямс 10 жылдық үзілістің артынан Стамбұлда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 20-26 шілде күні Стамбұлда өтетін 250 мың доллар сыйлық берілетін ‘TEB BNP Paribas İstanbul Cup’-қа қатысатын теннисшілер жарияланды. 2005 жылы жеңіске жеткен турнир алдында Бұғаз көпірінде Ипек Шеноғлумен ойнаған Винус Уильямс 10 жылдан кейін Стамбұлға келеді. Әлемнің бұрынғы чемпионы Елена Янковичке қоса, Элина Свитолина, Флавия Пеннетта, Роберта Винчи, Франческа Скьявоне, Даниэла Гантухова, Чағла Бүйүкчай және Ипексойлумен матчқа шығады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар