07.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

294636
07.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабертүрік газеті «Шағын және орта мөлшердегі түрік кәсіподақтарына 56 елден қолдау келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Барлығы 56 елдегі 65 мың қызметкерімен «Еуропаның технология алпауыты» деп аталған THALES, Түркияда одан көп технология өндірісі жүзеге асыру және этикеткасында THALES маркасы бар түріктің өнімдерін әлем нарығына шығару үшін іске кірісті. THALES Түркия директоры Али Сердар Баран «Әрі үлкен мөлшердегі фирмалар, әрі шағын және орта мөлшердегі кәсіподақтармен ынтымақтастық жетілдіргіміз келеді» деді. THALES биыл тендерге шығатын ТҮРІКСАТ 5А коммуникация жер серігі жобасында да ынтымақтастық ұсынды» деді.
Йени шафак газеті «Түрік инвесторға үлкен жеңілдік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Эгей Кен Экспортшылары Одағына сюрприз зиярат жасаған Оңтүстік африкалық іскерлер аймақтарында ең көп гранит пен темір резерві бар екенін атап, түрік инвесторларды елдеріне шақырды. Оңтүстік Африка Республикасы экономикалық өркендеу, қаржы және туризм министрі Джон Блок елдеріне баратын және кен шығаратын инвесторларға 25 жылдығына лицензия берілетінін атап, «Түрік инвесторларға қажетті мемлекеттік қолдауды береміз» деді.
Хүррийет газеті «АФАД-қа бірінші орын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда БҰҰ-ның 193 мүшесінің мекемелік қызмет беретін мекемелеріне ашық және төрт категорияда өткізілген жарыста Апат және Төтенше жағдайлар басқармасы (АФАД), «Апаттық уақытша қала басқару жүйесі (AFKEN)» жобасы және «Мекемелік қызмет беруді жетілдіру» категориясында бірінші орын алды. АФАД бірінші болған AFKEN жобасы Баспана орталық басқармасы тақырыбында тұңғыш рет жасалған. Бағдарламамен мигранттар немесе баспанаға мұқтаждармен Түркияны паналаған шетелдіктердің демографиялық мәліметтері орын алады.
Сабах газеті «Урлаға 2 мың жылдық порт» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкара Университеті Эгей теңізінің белгілі бұрынғы порт қалаларының бірі Измирдің Урла ауданында 2 мың жылдық Рим портын өз орнында қайтадан салады. Портта Рим дәуірінде қолданылған қайықтар, зеңбіректер және қоймалар түпнұсқаға сәйкес жүзеге асады. Мәдениет және туризм министрлігі қолдау берген жобаның әлемде басқа үлгісі жоқ.
Ватан газеті «Түрік фотографқа үлкен абырой» атты хабар жариялаған. Фотограф Хүсейин Алдырмаз ‘Fujifilm’ кампаниясының «X» сериалы фотоаппаратымен түсірген суретімен фотографтар арасында сайлаған «X-Photografhers» құрамында қабылданған үшінші түрік фотограф болды. Айына шамамен 250 мың адам тамашалаған және 46 елден фотографлар түсірген мыңдаған кадр көрмеге қойған Fujifilm X-Photographer да Алдырмаздың «Адам және көше» тақырыпты 30 дана ақ-қара түсті суретін танытуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар