05.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

293505
05.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті экономикалық бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, чек қолдануды сенімді күйге келтіретін деректер матрицасы жазылған чек Түркия және әлемде бір жаңалық болады. Вице-премьер Али Бабаджан деректер матрицасы жазылған чектің Түркияның саудасына маңызды жаңалық қосатынын айтты. Бабаджан «Чектердің нарықта қолданылуын жеңілдетеді, қолданушы жөнінде кеңірек мағлұмат береді» деді.
Стар газеті «MIPCOM-ның құрметті қонағы болдық» деген хабар жариялаған. Түркия Францияның Канн қаласында өтетін MIPCOM әлемдік ойын-сауық нарық көрмесіне «Құрметті қонақ ел» ретінде қатысады. Хабарға қарағанда, Стамбул Сауда палатасының төрағасы Ибрахим Чаглар көрмеде таныстыру жұмыстарын жүргізетіндерін айтып, «Түрік бизнес әлемі өкілдері ретінде осы сала біз үшін маңызды» деді.
Сабах газеті де маңызды бір хабарға орын берген. Газеттің жазғанына қарағанда, 20 тобының азаматтық қоғам басшысы Зейнеп Бодур Окяй болды.
Кезекті төрағалығын Түркия атқарып отырған 20 тобының азаматтық қоғам басшылығына Кале тобы төрайымы Зейнеп Бодур Окяй тағайындалды. Мұның мақтан тұтарлық қызмет екенін білдірген Окяй «Азаматтық қоғамдық ұйымдардың көзқарас пен ұсыныстарын жаһандық деңгейде жинақтап, күздегі 20 тобы саммитінде жариялауды мақсат етіп отырмыз» деді.
Хабер Түрік «Ауаны ең аз ластайтын екінші ел – Түркия» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Түркия адам басына 4 тонналық көміртек мөлшерімен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше 34 ел арасында ауаны ең аз кірлеткен екінші ел болды. 2012 жылғы деректерге сай OECD-де Мексика адам басына 3,7 тонна көміртекпен ауаны ең аз кірлеткен ел болды. Ал Түркияның бір аймағындай ғана территориясы бар Люксембург болса 19,2 тонна көміртек мөлшерімен ауаны ең көп ластаған ел тізімінде баста келеді.
Ватан газеті «АҚШ-та тұңғыш бас трансплантациясы жасалды» деген хабар жариялаған. АҚШ-та әлемнің тұңғыш бас және бас терісі трансплантациясы табыспен аяқталды. «MD Anderson» рак орталығы мен «Houston Methodist» ауруханасының дәрігерлері 15 сағаттық бір операцияда бір донордан алынған бас пен бас терісінің 55 жасар Джим Бойсенге көшірілгенін білдірді. Денсаулығы жылдам жақсарып келе жатқан Бойсен тез арада түрегеліп кетті.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар