03.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

292027
03.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Жергілікті автокөліктің бағасы арзан және бәсекелес болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышык жергілікті автокөлікті тамыз айында SUV, Джип, седан және hatchback болып 4 түптұлғасы өндірілетінін айтты. Автокөліктің алдымен өте комфорт және жоғары қауіпсіздікпен өндірілетінін атап айтқан Ышык «Түркияның автокөлік саласындағы бәсекелес мүмкіндігін жақсы пайдаланатын боламыз. Өз құндылығымен баға ретінде ең ыңғайлы көліктер болуы үшін де үлкен күш жұмсаймыз» деді. Ышык жергілікті автокөлікті ұзақ қашыққа бара алатындай электр жүйелі іске асыруды қалағандарын атап айтты.
Хабертүрік газеті «Түрік әуе жолдары Еуроодаққа Тароммен кіреді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) Румынияның ұлттық әуе компаниясы Таромға ортақ болуға ниет білдірді. Флотында 23 ұшағы бар және 53 пунктке ұшатын Таромға ортақтық ТӘЖ үшін аса маңызды. Түркия Еуроодаққа мүше болмағаны себепті Таромның 51 пайызына ие бола алмайды. Дегенмен ТӘЖ бұл мәселені алдымен Брюссель әуежайына ортақ болу арқылы шешеді. Артынан да кампанияның 49 пайыз акциясын сатып алып, ауыспалы түрде 51 пайызды бақылауға алады.
Йени шафак газеті «Джиддадан Орду қаласына оттегі ұшуы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Еуропаның теңіз үстіне құрылған жалғыз әуежайы болу ерекшелігіне ие Орду-Гиресун әуежайының ашылуының артынан аймақта туризм мен сауда жандана бастады. Оттегіне бай Орду қаласына Сауд Арабиясының Джидда қаласынан charter рейстері үшін жұмыс басталды. Жазғы маусымда басталатын charter турларымен 50 рейс турист Орду қаласына келіп аралайды.
Хүррийет газеті «Голливудтан Каппадокияға» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Голливуд фильм тобы өздеріне фильм түсіру үшін тағы Түркияға келуге дайындалады. «Анка фильм» продюсерлік фирмасы қолдау берген «The Mountains and The Stones» атты фильмнің Каппадокияда түсірілетіні білдірілді. Режиссерлігін Йосеф Рубин жасайтын фильмнің басты рольдерінде Гера Хилмар, Михиль Хейсман, Джош Хартнетт және Халук Билгинер ойнайды. Шамамен 650 адамнан тұратын фильм тобының аймақ экономикасы мен танытуға үлкен үлес қосуы күтіледі.
Сабах газеті «Ғарыштан сәлем келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда итальяндық әйел ғарышкер Саманта Кристофоретти Халықаралық ғарыш станциясынан түсірген Түркия фотосуретін твиттерде жариялады. Кристофоретти Түркия фотосуретін «Сәлем Түркия! Елдің батысы үстінен керемет өту» деп жариялады. Италиян ғарышкер мұның алдында да Стамбұл мен Мәрмәр теңізінің көріністерін бөліскен болатын. Басқа бір ғарышкер Антон Шкаплеров болса қысқа уақыт бұрын Стамбұлдың фотосуретін түсіріп, бұғазда салынып жатқан 3-ші көпірге назар аударған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар