01.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

01.06.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «2015 жылы экспорт 2 миллиард долларға ұласады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік қорғаныс өнеркәсібі 13 жылда өсу рекорды жасады. Енді танкі, ұшақ, автомат, шабуыл тікұшағы сияқты жабдықтаулардан қажеттілігіміз жартысынан астамы жергілікті өнім ретінде өндірілуде. Индонезия, Малайзия және Орташығыс елдерінде өндіріс жасайтын түрік фирмалары осы мемлекеттерге технология жібереді. Пәкістаннан АҚШ-қа дейін ауқымды бір аймаққа тауарларын сатқан Түрік қорғаныс өнеркәсібінің болашақтағы үш жұлдызы болса Атак тікұшақтары және зымырандар болады.
Йени Шафак газеті «Міне, ең табысты 50 директор» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Іскер мен экономика әлемінің жаңа журналы ‘Терең экономика’ алғашқы санында Ислам мемлекеттеріндегі ең табысты 50 директордың тізімін жариялады. Тізімде түрік фирмаларынан Түрік әуе жолдары Бас директоры Темел Котил, Энка сауда, экспорт және импорт фирмасы директорлары кеңесі төрағасы Мехмет Синан Тара, Коч Холдинг директоры Тургай Дурак, БИМ сауда дүкендері атқару кеңесі мүшесі Галип Айкач, Йылдыз Холдинг Мурат фирмасының директорлар кеңесі төрағасы Мурат Үлкер де орын алды. Тізімнің басында Әзірбайжаннан SOCAR фирмасының директоры Рөвнаг Абдуллаев бар.
Стар газеті «Жергілікті автокөлік өндірісі үшін қол қойылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жергілікті автокөлік өндірісінде қысқа бір уақыттан бері жалғасқан инвестор іздестіру жұмыстарында соңғы сатыға жеттік. Өнеркәсіп және Технология министрі Фикри Ышык «2020 жылынан бұрын бір түрік маркасымен жолға шығамыз» деді. Қашықтығы арттырылған жергілікті автокөлік экономикалық энергия қолданысымен баршаны тәнті етеді.
Хабертүрік газеті «Бурса маталарына әлемнің танымал тұлғаларынан тапсырыс келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемге танымал дизайнер Атыл Кутоғлу Бурсада ұйымдастырылған іс-шараларға қол таңбасын қалдырды. Бурса маталары қолданылған «Modern Ottomans» мода кешін ұйымдастырған Кутоғлу «Маталарды қолдану әдісім әлемде көптеген белгілі адамнан тапсырыс алуыма жағдай жасады» деді. Француз әнші Виктор Лаззо, Автрия патшалық мүшелері және Формула 1 жарыстарының қожайыны Берни Экклстоунның қызы Тамара Экклстоун мода кешін ұнатқандар арасында.
Ватан газеті «Дәстүрлі садақпен ату жарысы басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық Түрікоғлу Авасым атындағы Дәстүрлі түрік ойындары фестивалі Кахраманмараштың Түрікоғлу ауданында басталды. 20-дан астам елден шамамен 450 спортшының қатысуымен жүзеге асатын садақ ату турнирі және ойындары жалғасты. Фестиваль арқылы жастардың дәстүрлі спорттарға қызығушылықты арттыру нысанаға алынып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар