22.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

284618
22.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабар Түрік газетінің «Виза жойылмаса келісімді күшінен қалдырамыз» деген хабарында Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр 1980 жылынан бері виза мәселесімен айналысқанын айтып, визаның жойылуының бұрын жасалған келісімге байланысты екенін білдіргенін жеткізген. Газет Бозкырдың «Біз үшін визалардың жойылуы қаншама маңызды болса, бұрынғы келісім де Еуропа Одағы үшін соншама маңызды. Егер виза жойылмаса, онда біз бұрынғы келісімді күшінен қалдырамыз. Есікті айқара ашатын болса, 25 миллион түрік Еуропаға барады. Бұдан қорқудың қажеті жоқ» дегеніне орын берілген.


Стар газетінің «Осы жәрмеңкеде автокөлік велосипедтей арзан» атты хабарында Еуропаның ең үлкен автокөлік жәрмеңкесінің бірі болған «Стамбул Autoshow 2015» ТҮЯП Стамбул жәрмеңке және конгресс орталығында Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышыктың да қатысқан рәсіммен ашылғанын хабарлаған. Газет 60-тан астам үлгінің Түркияда тұңғыш рет көрсетілгенін, сондай-ақ жаңа үлгілердің әлемде екі мәрте Стамбул Autoshow-да таныстырылғанын жазған.


Йени Шафак газетінің «Әлем шағын және орта деңгейдегі іскерлік форумы орталығы Стамбул болуда» деген хабарында Түркия палаталар және биржалар одағы және Халықаралық сауда палаталар одағының үлесімен құрылған Әлем шағын және орта деңгейдегі іскерлік форумы қоры орталығының ашылуы ертең Стамбулда өтетініне орын берілген. Газет Түркия палаталар және биржалар одағы төрағасы Рыфат Хисаржыклыоғлұның қордың құрылуымен шағын және орта деңгейдегі іскерліктер арқылы жаһандық экономиканың үлкеюіне үлес қосатынын және осы маңызды жаһандық қадамның Түркияның басшылығында басылатынын айтқанын жазған.


Сабах газетінің «Әлем оның соңында» атты хабарында Ресейде ұйымдастырылған Әлем чемпионатында чемпион болған Сервет Тазегүл баста болып кейбір ұлттық таэквондо спортшыларымызға әлемнің көптеген елінен азаматтық ұсыныс келгенін жариялаған.


Ватан газетінің «Тұнық ми үшін 3 қырлы фильм» деген хабарында Ұлыбританияда болған Goldsmiths университеті тарапынан жасалған 3 қырлы фильм тамашалаушының ми тұнықтығына пайдалы екенін анықтағанын білдірген.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар