21.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

282958
21.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газетінің «Исламдық орталық банкін құрудамыз» деген хабарында әлемдегі барлық банктерді бір шаңырақ астында жинап Исламдық орталық банкін құрылатынының белгілі болғанына орын берілген. Газет премьер-министр орынбасары Али Бабажан сүйіншілеген құрылатын банкінің негізгі ортақтарының Түркия, Индонезия және Исламдық өркендеу банкі болатынын жеткізген. Хабарда Бабажанның Түркияның алғашқы қадамда 300 миллион доллар беретінін айтқанын атап өткен.


Стар газетінің «Автокөліктердің шовы басталды» атты хабарында Автокөлік құмарлар асыға күткен Autoshow-дың 2015 ағымдағы жылдың 22-31 мамыр күндері аралығында Стамбул ТҮЯП-та есігін ашатынын хабарлаған. Хабарға қарағанда өндіріс, экспорт және сатуларда тез қарқында басталған автокөлік секторы жаңа үлгілерін көрсетеді. Жәрмеңкеде екі әлемге әйгілі 27 жаңа үлгі Түркияда алғаш рет таныстырылады. 14 зал және жиыны 120 мың шаршы метр жабық жерде ұйымдастырылатын Autoshow 2015 жылы керемет үлгілерін көрсетеді.


Хабар Түрік газетінің «Түркияда 1184 түйіннен теңізге кіре аласыздар» деген хабарында Денсаулық сақтау министрлігі Түркияның теңіз және көлдерінде жағажайларда орын алған 34 провинциясында бактерии анализ жасалғанын жазған. Хабар бойынша 1184 түйінде суға кіруге болатынын және су айдындарының сапасының өте керемет екені байқалды. 15 күн аралықпен жасалған анализ нәтижелерінің өте тамаша болғаны мәлімденді. Осы нәтижеге қарағанда Түркиядағы жағажай толық ұпай алды. Түркиядағы малтау алаңдарына байланысты егжей-тегжейлі мағлұматтарды http://yuzme.saglik.gov.tr сайтында түрік тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, испан тілі, орыс тілі және италиян тілінде жарияланды.


Сабах газетінің «1915 жылғы оқиғалары кинофильм болады» атты хабарында ауыз жүзіндегі армян пайымдаулары өрбіген кезеңде кинорежиссері Исмаил Гүнеш «Керуен 1915» атты фильмінің 20 маусымда түсіріле басталатынын білдірген. Хабарда Гүнеш 1915 жылғы оқиғаларына байланысты «Бірінші Дүниежүзілік соғысында барлық ұлттар бір-бірімен соғысты. 16 миллион төңірегінде адам мерт болды. Болардың 3 миллионы Османлы мемлекеті мұсылманы елі. Болған оқиғалар әрі мұсылмандар, әрі христиандар үшін бір трагедия болатын» дегеніне орын берілген.


Миллиет газетінің «Елиф Урас АҚШ-та көрме ашты» Изндеген хабарында Елиф Урастың Америка Құрама Штаттарында өзінің жеке көрмесінде Изник глазурынан шабыттанып жасаған еңбектерін көрсеткенін жариялаған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар