14.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер сауда-экономикалық хабарларға кең орын берген.

274050
14.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Өнеркәсіпте жаңа нысана – Африка мен Еуразия» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Түркияның өнеркәсіптегі жаңа жол картасы жарияланды. Төрт жылдық жаңа өнеркәсіптік стратегия орта және жоғары технологиялық өнімдерде «Африка мен Еуразияның дизайн және өндіріс базасы болу» деп анықталды. Басқа жағынан 20 жыл үзілістен кейін Кеден одағының жаңалануы тақырыбында Еуропаны көндірген Түркия келіссөздерге үмітпен қарайды. Экономика министрі Нихат Зейбекчи келісілген тақырыптарда реттеу жүргізудің Түркия мен ЕО қатынастарына үлес қосатынын айтты.
Стар газеті «Шетелдіктер таңдауын жасады, түрік нарықтарына келуде» деген тақырып қолданған. Экономикада және саясаттағы тұрақтылық шетелдік инвесторлардың сенімінен шықты. Түрік лирасы қызығушылықты арттырды. Газеттің хабарына қарағанда, шетелдік капитал кіріп, доллар бағамы төмендеді. Биржа 1,23 пайыз артты. Пайыз да үш күнде жарты ұпай төмендеді. Экономика министр Нихат Зейбекчи он күн бұрынғы мәлімдемесінде нарыққа байланысты жағымды белгі берген болатын.
Хабер Түрік газеті де экономика хабарына орын берген. Хабарға қарағанда, Егіншілік министрі Мехди Экер Түркияның 61 миллиард долларлық ауыл шаруашылығы өндірісімен Еуропада соңғы алты жылда 4-ші орыннан бірінші орынға шыққанын хабарлады. Министрдің айтуынша банктер егіншілік саласына 50 миллиард лира көмек берді. Ет өндірісіне де тоқталған Экер кіші қара мал шаруашылығына қайта оралғандарын айтып, мал санының артқанын білдірді.
Миллиет газеті «Еуропадан Стамбулға велосипед туризмі» деген хабар жариялаған. Газеттің жазғанына қарағанда Швециядан Болгарияға дейінгі велосипед жолының Стамбулға дейін созылуы күн тәртібіне келді.
Аталмыш жоба туризмге жандылық қосады. Стамбул велосипед сүйер қауым үшін нысанаға айналады. Велосипедпен Стамбулды қыдырғысы келетін туристердің санының артуы да назар аударып отыр. Газеттің хабарына қарағанда, түріктер жобаға жылы қарайды. Велосипед туризмі арқылы Түркия мен ЕО арасында жаңа көпір құрылатын болады.
Сабах газеті де туризм хабарына орын берген. Туристік қонақүйлер, инвесторлар және меңгерушілер одағының төрағасы Тимур Байындыр Түрік әуе жолдарымен саяхатқа шыққан африкалық туристердің Стамбулда бір рет түнеп кетуін қамдайтын жоба дайындап жатқандарын айтты. Байындыр: «Осы жобаны қысқа мерзімде аяқтаймыз» деді. Сонымен бірге транзит жолаушылардың артуы да қонақүйлердегі бөлме бағасына жақсы әсер ететіні айтылды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар