08.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

266859
08.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газетінің «Ұлттық ұшақ кемесі үшін қол қойылды» атты хабарында Түркияның жергілікті жаңа технологиямен салынатын алғашқы ұлттық соғыс кемесі зауыты үшін қол қойылғанын жеткізген. Газет 2021 жылы Түрік Қарулы Күштері инвентаризациясына қатысуы жоспарланған кеме зауатының Седеф зауыты, Хавелсан және Аселсан үштік ынтымақтастығымен салынатынын жариялаған. Хабарда 1200 қызметкерімен бірге тікұшақтар, соғыс ұшақтары, адамсыз әуе көліктері және танк тасымалдайтын кемеде бір аурухананың да болатынын жазған. Газет 27 мың 436 тонна ауырлығында және 231 метр бойындағы кеме логистикалық қолдау алмай-ақ 50 күн теңізде міндет атқара алатынын хабарлаған.


Стар газетінің «Хавелсан АҚШ фирмасын сатып алды» деген хабарында қорғаныс өнеркәсібінде бір тұңғыш жағдай болғанын баяндаған. Хабарға қарағанда қорғаныс және информатика технология саласында жұмыс атқарған Хавелсан АҚШ фирмасы Quantum3D-ді сатып алды. Хавелсан сатып алу процесінен кейін Quantum3D-ның барлық топтарын қол астына алады және екі қалада офис ашады.


Миллиет газетінің «Түрік ағымының ваннасы 2016 жылы ашылады» атты хабарында Ресей мен Түркия «Түрік ағымы» желісінен табиғи газ талабының 2016 жылы желтоқсан айында басталуы үшін келіскенін жазған. Газеттің хабары бойынша Ресей газын Қаратеңіздің астынан Түркияға, осы жерден Еуропа елдеріне жеткізеді. 2014 жылы 1 желтоқсан күні қол қойылған Түрік ағым арқылы жылда 63 миллиард текше метр газ тасымалдануы жоспарлануда. Осының 48 миллиард текше метрінің Еуропа, қалғанының да Түркия ішкі нарығына берілуі күтілуде.


Сабах газетінің «Жаһандық лигада 12 түрік фирмасы» атты хабарында әлемнің ең үлкен 2 мың фирмасы ішінде Түркиядан 12 фирманың орын алғанына орын берілген. Газет Forbes журналының «Халыққа ашық жаһандық 2000 фирма» тізімінде Түркиядан Гаранти Банкі 449 орында, Коч Холдинг 496 орынды, Иш Банкі 501 орынды иелегенін атап өткен.


Хабар Түрік газетінің «14 елден 500 университет Түркияда бас қосады» деген хабарында Бұғазичи университеті тарапынан ұйымдастырылған 35-ші Sports Fest-тің бүгін басталатынын мәлімдеген. Газет 11 мамыр күніне дейін жалғасатын және 14 елден 500 университет спортшыларының қатысатын фестивальде 11 спортшы 11 салада сайысатынын білдірген.

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар