07.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

265341
07.05.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «Әр жерде көктем бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Хызыр күні ретінде танымал және жылы күндердің бастауы боп қабылданған Хыдыреллез Байрамы Түркияның көптеген қаласында қуанышпен тойлануда. Эдирне қаласында азаматтар мың жылдық дәстүрлері Калкава мерекесі аясында Тунджа өзені жағалауында көңіл көтерді. Измирдегі іс-шараларда әлемге танымал әнші Эсма Реджепова сахнаға шықты. Балыкесирдің Бурханийе ауданында мыңдаған адам тілектері жазылған қағаздарды суға тастады. Чанаккаледе болса дұға оқыған қатысушылар тілектерін құмға жазды.
Ватан газеті «Мигранттарды отандық өнім болған ұшқышсыз әуе көліктері құтқарады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік қорғаныс өнеркәсібінің шоқ жұлдызы ұшқышсыз әуе көліктерінің Теңіз күштері қолбасшылығы да пайдаланады. Теңіз күштері, Эгей және Жерорта теңізіндегі адам саудасын отандық «Байрактар TB2» және «Карайел» арқылы қадағалап алдын алады. Карайел ұшқышсыз әуе көлігі технологиясы француз ұшақ фирмасы «LH Aviation»-ның бақылау ұшақтарына да орналастырылады.
Сабах газеті «Автокөлік саласы рекордқа барады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда экономикада доллар валютасы үстінен жүргізуге тырысқан дағдарыс түсінігін назарға алмаған азаматтар автокөлік саласында өзін көрсетті. Сәуір айында автокөлік пен жеңіл сауда көліктері саудасы 91 мың 602 данамен айлық тұрғыдан жаңа бір рекорд жасады. Төрт айлық сауда болса 264 мың 850 данамен бүкіл уақыттардың ең жоғары белсенділігін танытқан 2011 жылдың төрт айлық кезеңін артта қалдырды. Сауданың 22 мамыр күні есіктерін ашатын Халықаралық Стамбұл Autoshow көрмесімен одан да артуы күтіледі.
Стар газеті «Стамбұлдағы Капалычаршыға Guardian саботажы болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Guardian және BBC сияқты батыс медиасы тарапынан мақсатты түрде күн тәртіпке әкелген «Стамбұлдың белгілі сауда орталығы мен таңдаулы орындарының бірі Капалычаршы және тарихи түбек қонақүй мен ойын-сауық орталықтарына айналады» тақырыпты жаңалығы Фатих муниципалитет басшысы Мұстафа Демирдің қатаң наразылығын туғызды.
Демир «Мұндай бір нәрсе мүмкін емес. Guardian өз жұмысына қарасын. Мақсатты саботаж жасалады» деді.
Хабертүрік газеті «Арнайы жобаланған велосипед келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттің велосипед турына демеуші болған Vestel фирмасы велосипед қолданысын тарату үшін жаңа бір жұмыс бастады. Бұған қарағанда көптеген қалада жергілікті әкімшіліктермен ынтымақтастық жасалып, велосипед алаңдары, велосипед жолдары және мықты денсаулық фестивальдері ұйымдастырылады. Vestel арнайы жобалаған велосипед өндіруді және әлеуметтік жауапкершілік жобаларын іске асыруды жоспарлайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар