25.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

249234
25.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газетінің «Гөктүрік-1 жер серігі дайын» деген хабарында жасалып біткен Гөктүрік-1 жер серігінің Францияның Канны қаласында рәсіммен әлемге таныстырылғанын хабарлаған. Хабарға қарағанда Осы жоба арқылы Түрік Қарулы Күштерінің қажет деп қаралған құпия ақпаратты қолға түсіріледі. Анкараға 7 мамыр да жіберілетін Гөктүрік-1 жер серігінің 2016 жылының алғашқы жартысында Франциядан ғарышқа жіберуді жоспарлауда.


Сабах газетінің «Tadhamon Түркияға келеді» атты хабарында Түркияға инвестиция салуды көздеген Шығанақ капиталына Бахрейннен бір қор қосылғанын жазған. Газет Орталығы Бахрейнде болған Investcorp-тан кейін енді Tadhamon Capital да бағытын Түркияға аударғанын білдірген. Хабарда Еуропада әсіресе Ұлыбританияда инвестициясымен назар аударған Tadhamon Capital-дың Бас атқарушы директоры Ахмед Сұлтанның «Түркияны көздеудеміз» дегеніне орын берген.


Ватан газетінің «Үлкен жобалары 120 миллион доллардан асты» деген хабарында түрік мердігерлері 2015 жылының алғашқы үш айында шетелде 2,8 миллион доллардық жұмыс алып, орташа есеппен жоба құнын 120 миллион доллардан асырғанын және осы арту арқылы фирмалардың үлкен деңгейдегі жұмыстарын алуға ықпалды болғанын хабарлаған. Газет осы кезеңде ең көп жұмыс алған алғашқы 5 елдің ретімен Алжир, Ресей, Түрікменстан, Сауд Арабиясы және Әзірбайжан екенін атап өткен.


Хабар Түрік газетінің «Диярбакырда алтын жәрмеңкесі» атты хабарында Бірінші Месопотамия асыл тастар жәрмеңкесінде 250 полиция қорғауында 5 миллиард Лиралық алтын, асыл тастар көрмеде көрсетілгенін мәлімдеген.


Йени Шафак газетінің «10 мәдени құндылық Әлем жәдігерлер тізімінде» деген хабарында Түркиядан 10 мәдени құндылық тағы «Әлем жәдігерлер уақыттық тізімінде» орын алғанын жеткізген. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі Өмер Челик іштерінде Акдемир шіркеуі , Йлдыз сарайы, Аспендос ежелгі қаласы, Таулы Фригия, Ұзын көпір және Исмаил кесенесі де болған 10 мәдени құндылықтардың ЮНЕСКО-ның Әлем жәдігерлер уақыттық тізіміне кіргенін айтқан.


Стар газетінің «Соңғы хат атты фильм Австралияда ұнатылды» атты хабарында Австралия Түрік Фильмдері Фестивалінде беташар фильмі ретінде қойылған Дарданель теңіз соғысын түсіндірген «Соңғы хат» фильмінің қантты назар аударғанын атап өткен.


Миллиет газетінің «Анкарада Лондон Брасс самалы» атты хабарында Ұлыбританияның ең маңызды өнерпаздардан құралған Лондон Брасстың Түркияда алғаш мәрте 32-ші Халықаралық Анкара Музыка Фестивал аясында сахнаға шыққанын жеткізген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар