20.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

242855
20.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «360 градустық дастан» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Дарданель дастаны жазылған жерлер виртуальді күйге келтіріледі. «Google Street View» тарапынан 360 градустық виртуальді көріністегі ескерткіш пен шәйіттіктерді 24 сәуір күнінен бастап ғаламтордан тамашалауға болады. Дарданель Жеңісінің жүз жылдығында іске асырылатын жоба мен Галлиполь түбегі ұлттық паркіне 84 бөлек пункттен қарауға болады.
Сабах газеті «Тұңғыш жергілікті жер серігі келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түріксат Бас директоры Энсар Гүл «Түркияның тұңғыш жер серігі Түріксат 6А-ның өндірісі үшін Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесі ТҮБИТАК, Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі TAІ, Әскери электроника өнеркәсібі ASELSAN сияқты мекемелермен жұмыстардың басталғанын білдірді. Жер серігі 354 адамның жұмыстануымен 5 жылда өндіріледі.
Стар газеті «Үлкен саммит Стамбұлда өтеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл үлкен бір саммитке қонақжайлық жасайды. Елдердің Кадастр және аймақтық ақпараттық технология салалары «Әлем Кадастр саммиті» аясында бас қосады. 85 елден 3 мың адам қатысатын саммитте 150 ғалымның баяндама жасауы күтіледі. 24 сәуір күніне дейін жалғасатын саммитке 30-ға жуық елдің министрлері де қатысады. Саммит арқылы технологияны жақсы қолданатын Түрік қартаға түсіру және кадастр саласы бұл саммит арқылы сыртқа шығуға мүмкіндік табады.
Хабертүрік газеті «Құрылыс көрмесі биыл 111 мың адамды күтеді» атты хабар жариялаған.
Хабарға қарағанда Биыл 38-ші рет ұйымдастырылатын әлемнің ең үлкен 5 құрылыс жәрмеңкесінің бірі болған «Құрылыс көрмесі Turkeybuild» Стамбұлда есіктерін ашады. 111 мың келуші күтілген көрмеде түрік құрылыс саласының алдынғы қатарлы фирмалары технологияларымен өзін таныстырады. TUYAP Көрме және конгресс орталығында 21-25 сәуір күндері ашық болатын көрмеге 105 мемлекеттен 1 мың 250 фирма қатысады.
Ватан газеті «7 керемет биыл Анталияда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Биыл 9-шы рет ұйымдастырылатын «Халықаралық Анталия құм мүсіндер фестивалі» аясында мүсіндер жасала басталды. Биылғы тақырыбы «Әлемнің 7 кереметі және Мифология» деп белгіленген фестивальде 8 мемлекеттен 20 мүсінші қабілеттерін көрсетеді. Барлығы 10 мың тонна құм қолданылған 100-ден астам мүсіннің 15 мамыр күніне дейін дайындалуы күтіледі. Биылғы тақырыптардың арасында Александрия шамшырағы, Кеопс пирамидалары, Родос колосы, Зевс мүсіні, Артемида мавзолейі, Галикарнастағы Мавзолей және Семирамида аспалы бағы бар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар