19.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер әсіресе 1915 жылғы оқиғаларға кең орын берген.

241482
19.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабертүрік газеті «Міне, жер аударуға себеп болған құжат» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда армяндардың қоныс аударуға себеп болған хат Бас Штаб Басқармасының мұрағатынан табылды. 1915 жылы 27 мамыр күні басталған қоныс аудару заңының іске асырылуы сол кезде орыстарға қарсы соғысқан 3-ші армияның қол басшысы Махмуд Камил Пашаның Стамбұлға жәбірген құпия жазумен басталды. Паша қазір Бас Штаб Басқармасы мұрағатында сақталған жазуында қарулы армяндардың армияға үлкен зиян бере бастағаны, Шығыс Анадолыдағы армяндардың дұшпан қатарына қосылу, қарулы топтармен жол кесу, халықты қыру және талан-тараж ету сияқты жұмыстарға кіріскен соң қоныс аударудан басқа жол қалмағаны атап көрсетілген.
Сабах газеті «Тек қана 3 армян 1915 жыл туралы зерттеу жасаған» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 1915 жылғы оқиғалармен байланысты мұрағат мәліметтерін жариялаған Мемлекеттік мұрағаттардың бас директоры Уғур Үнал құжаттарға қарағанда 1-ші Дүниежүзілік соғыста Анатолының тек қана шығысында орыс пен армян шабуылдарында 701 мың 166 адамның өлтірілгенін айтты. Мұрағаттың баршаға ашық екенін айтқан Үнал «Мұрағатта 51 шетелдік зерттеуші, 1915 жылғы оқиғаларды зерттеді. Осылардың арасында жалғыз 3 Армения азаматы бар» деді.
Йени шафак газеті «Ең жақсы жауап Аясофины ашу болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Османлы отбасынан Кайхан Османоғлу Папаның 1915 жылғы оқиғалармен байланысты мәлімдемесіне наразылық білдірді. Османоғлу Папаға қайтарылатын ең жақсы жауаптың Аясофины ғибадатқа ашу екенін айтты. Османоғлу «Аясофия мешітінде аталарымыз Фатихтің сенімхаты бар. Мен болғанда Аясофияны ғибадатқа ашар едім» деді. Османоғлу Османлы мемлекеті ыдыраған соң Орташығыс мемлекеттерінде өмір сүргендердің тыныштық таппағанын да атап көрсетті.
Стар газеті «Әлемнің ең үлкен кілемі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл муниципалитеті тарапынан ұйымдастырылған «Бәйшешек фестивалі» аясында 545 мың тірі бәйшешек қолданылған мың 262 m² кілем жасалды. Әлемнің ең үлкен бәйшешек кілемі болу ерекшелігіне ие кілем 10 күн бойы Стамбұлдың Сұлтанахмет алаңында тұрады. Бәйшешек кілемі қазірден-ақ туристтердің қызығушылығын оятты. Муниципалитет басшысы Кадир Топбаш «Бәйшешек жарылқаушының адамдарға қандай сұлулықтар бергенін көрсетеді» деді.
Ватан газеті «Әйелдер W20-ға қолдау береді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия кезекті төрағалық жасаған «Үлкен жиырма» құрамында тұңғыш рет құрылатын және әйелдердің іскер әлеміндегі ролі мен күшін арттыруды мақсат еткен W20 (Әйел 20) атты жұмыс тобына түрік іскер әйелдерінен толық қолдау келді. Түркия іскер әйелдер қоғамы «TІKAD» төрайымы Нилуфер Булут әйелдерді жұмыспен қамтамасыз етуді арттыратын осы бастаманың әлемге үлгі болатынын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар