11.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

233532
11.04.2015 күнгі түрік баспасөзі


Йени Шафак газеті экономика хабарына орын берген. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бас хатшысы Хосе Анхель Гурриа жаһандық өсім моторының цилиндрлерінің бірі инвестицияның жартылай күшпен жылжығанын айтып, «Бұдан былай инвестициялар шыныменен маңызды басымдық ретінде Түркияның 20 тобы кезекті төрағалығында маңызды болады» деді. Стамбулда өткен 20 тобы мен OECD жаһандық ұжымдық басқару форумында сөз сөйлеген Гурриа инвестицияның артуы үшін құрылымдық реформалар керектігін, әсіресе Түркияның 20 тобындағы төрағалығы кезінде инвестицияның 2 пайыз арттырылуына бағытталған инициативалар қолға алынатынын айтты.
Стар газеті Аккуюдағы атомдық стансаға байланысты хабарға орын берген. Мерсиннің Гүлнар ауданына салынатын Түркияның тұңғыш атом стансасының іргетасы 14 сәуір күні қаланады.
20 миллиард доллар инвестиция көзделген стансаның алғашқы бөлімі 2020 жылы, үшінші және төртінші бөлімдері болса 2022 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.
Хабер Түрік газеті 4 G тендері туралы хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Ақпараттық технология және коммуникация мекемесі жылдам интернет үшін 4G тендерінің күнтізбесін белгіледі. Тендер 26 мамыр күні сағат 10.30-да өткізіледі.
Йени Шафак газеті «Дүние жүзінің тұңғыш кадастр жиналысы Стамбулда» деген хабар жариялаған. Қоршаған орта және қала министрі Идрис Гүллүдже дүние жүзінде бірінші рет Түркияның бастамасымен Кадастр саммиті өтетінін білдірді. Министр Гүллүдже «80 ел қатысатын және 150 ғылыми баяндама оқылатын жиналыс арқылы деректерді басқа елдермен бөлісіп, әлемге ашыламыз» деді.
Сабах газеті «Dyesol-дан Мерсинге күн базасы» деген хабарға орын берген. Суудтық Tasnee компаниясы серік болып табылатын австралиялық энергия компаниясы Dyesol Күн инвестициялары үшін келеді. Хабарға қарағанда, Мерсинде құрылатын база 2500 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Ватан газеті көрші елдегі бір хабарға орын берген. Грекияда үкіметті құрушы партиялардың бірі радикал Сол одаққа мүше 18 депутат түріктерге 72 сағаттық визаның шекарада берілуін сұрады.
Хабер Түрік газеті «Түрік Эйнштейні реанимацияда» деген хабар жариялаған. Түрік Эйнштейні деп аталған химик және молекулярлық биолог Профессор Октай Синаноғлу қатаң жатыр. Дүние жүзінде молекулярлық биология саласының тұңғыш профессорларының бірі Октай Синаноғлу ауруханада тыныс алу жиһазымен жатыр.
Стар газетіғарышқа байланысты хабарға орын берген. Газеттің жазғанына қарағанда НАСА 15 жылдан бері іздеп жүрген белгі кеше табылды. Астрономдар Жер шарынан 450 жарық жылы қашықтықта өмірдің іздері ретінде қабылданған RNA және DNA секілді өзінің көшірмесін шығара алатын органикалық молекулалар тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар