09.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

09.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Технологияны өндірушіге үлкен қолдау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Ахмет Давутоғлу осы жолы өнеркәсіпшілерге жақсы хабар берді.
Түркияның келешегінің технология өндірісімен байланысты екенін атап көрсеткен Давутоғлу «Кім Түркияда жаңа бір өнімді, жаңа бір технологияны іске қосатын болса төрімізде орын алады. Қандай қолдау сұраса береміз, не қаласа жасаймыз. Енді технология тұтынушы емес, өндіруші мемлекет болғымыз келеді» деді.
Сабах газеті «Өсу процесі екінші ширекте жылдамдайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп өндірісі ақпан айында болжамдарға қарама-қайшы алдынғы аймен салыстырғанда 1.7 пайыз артты. Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фикри Ышык өнеркәсіп өндірісінің қиын өткен қыс шарттары мен әлем нарықтарындағы шайқалыстарға қарамастан болжамдардан асқанын атап айтты. Ышык «2015 жылдың екінші ширегінен бастап, мемлекеттік өсу мен өнеркәсіптік өндірістің одан да жылдамдайтынын күтеміз» деді. Өнеркәсіптік өндіріске автокөлік саласы басшылық жасайды.
Миллийет газеті «Кипр келіссөздері компьютерлік ойынға айналды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда кипрлық журналист Назми Пынар соңы келмейтін бейбітшілік келіссөздерін ойынға айналдырды. Интернеттен компьютерге енгізілетін ‘Cyprus Players’ атты ойының қолданушылары Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Дервиш Ероғлу мен БҰҰ Кипр арнайы өкілі Барт Эйде Анастадиадисті үстелге отырғызуға тырысады. Кім клавиатурадағы аралыққа басып, Анастадиадисті үстелге отырғызатын болса оған 10 ұпай беріледі.
Йени шафак газеті «Үлкен шығармалар аукционда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік суретшілерінің туындылары орын алған аукцион 12 сәуір күні жүзеге асады. Түркияның Халил Паша, Сами Йетик, Хожа Али Рыза, Хикмет Онат және Фейхман Думан, Шевкет Дағ сияқты белгілі суретшілері салған атаулы картиналар және Османлы мөрі бар күмістер мен Бейкоз коллекциясы хат жазулары, бұйрықтар және Хилйе-и Шериф жазбалары сатылады. Аукционда Сами Йетиктің 1917 жылғы «Ұлт азаттық күрес» атты картинасының ашылу бағасы 550 мың лира. Аукциондағы шығармалардың онлайн каталогы www.antikas.com атты интернет парақшасында таныстырылады.
Хабертүрік газеті «Нысана әлем чемпиондығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Волейболда Еуропа чемпионы аталған «Eczacıbaşı Vitra» әйел волейбол командасының жаңа нысанасы әлем клубтар чемпиондығына қол жеткізу. CEV Denizbank чемпиондар лигасында тұңғыш рет чемпион болған «Eczacıbaşı Vitra» командасының капитаны Эсра Гүмүш Кынжы «Әлем клубтар чемпионатында да жеңіске жетіп, түрік волейболы қол жеткізген жетістікті бүкіл әлемге көрсеткіміз келеді» деді. Чемпиондар лигасында түріктер 5 жылда 4 рет чемпион аталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар