05.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

226103
05.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «Сейсмикалық кеменің артынан бұрғылау кемесі жолда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия энергия инвестицияларын инженерлік жұмыстары аясында жалғастырылуда. Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз Түркияның инженерлік саласының жетіліп жатқанын атап «Туркуаз сейсмикалық кемесінің артынан Түркияның бұрғылау кемесіне, бұрғылау платформасын өндіруі» деді. Йылдыз жергілікті бұрғылау кемесін өндіру үшін қажетті инженерлік білім мен технологияға ие екенімізді атап айтты. Йылдыз қазан айында теңізде жүзетін сейсмикалық іздеу кемесі Туркуаздың кеншілік жұмыстарында және мұхиттың астындағы тіршілікті зерттеу мақсатты қолданылатынын атап көрсетті.
Миллийет газеті «ГАП туризміне мәдениет жобасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Ахмет Давутоғлу тарапынан жарияланған ГАП (Оңтүстік Анатолы жобасы) аясында діни туризмге қатты назар аударылады. Аймақтық туризмнді қозғау жоспарланып жатқанда, салынатын Ассирия шіркеуі арқылы 300 мың ассириялықтың аймаққа келуі нысанаға алынып отыр.
ГАП аймағында орын алған «Хах (ескерткішті) шіркеу», «Мор Евгин монастыры» және «Мор Кирякус монастырының» жөндеуден өткізіліп келушілерге ұсынылуы жоспарланады.
Ватан газеті «Туризм Стамбұлда қолға алынады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «World Tourism Forum» әлем туризміне бағыт берген алпауыттардың басын Стамбұлда қосады. Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен Түркияда тұңғыш рет ұйымдастырылатын форумда Еуропа, Ресей, Түркі тілдес республикалар және Шығанақ елдерінен қатысушылармен туризм саласының болашағы қолға алынады.
Хабертүрік газеті «Тері саласы келешегін Таяу Шығыста іздейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік тері саласы Стамбұл Тері және тері өнімдері экспортшылар одағы (ІDMІB) басшылығында Таяу Шығыстың дәу тері көрмесі Гонконгтағы Азия Тынық мұхит тері көрмесіне қатысты. Көрмеде Түркиядан 50 фирма өнімдерін танытты. Соңғы 6 жылдың ішінде Түркиядан Қытайға тері мен тері өнімдері экспорты 5 есе артты. Қытай 2014 жылы Түркиядан 23 пайыз өсумен 91.6 миллион долларлық тері, тері өнімдері және аяқкиім импорты жасады.
Хүррийет газеті «Түріктер тапқан керемет крем» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда көз ауру маманы док.Мурат Калайоғлуның АҚШ-та жетілдірген крем медицина мен эстетика саласында жаңалық ашты. Калайоғлу Гарвард Университетінде жүргізгендері зерттеуде өндірген жаңа формуламен екі дәрі жетілдірді. Дәрілердің бірі майды ерітсе, екіншісі май мөлшерін арттырып, қол мен бетті жас қылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар