01.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

01.04.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Президенттік жүйе үшін 400 депутат немесе референдум қажетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Словакияның астанасы Братиславада түрік азаматтарына үн қатты. Ердоған «Енді Түркия бір өзгерістің, жаңару кезеңінде. Қазір бізге киген көйлегіміз симай отыр. Бұл дене осы көйлекке шыдай алмай жатыр. Бізге осыдан басқа жарасатын көйлек, жаңа бір басқару жүйесі керек. Бұл басқару жүйесі президенттік жүйе болып табылады. Үкімет болса бұл тақырып жайлы қадамдар басты. Дегенмен осында екі тақырып бар. Біріншіден 400 депутатпен бұл мәселені парламентте шешу, екіншіден халыққа бару» деді.
Йени шафак газеті «2014 дауылы кезінде 2.9 пайыз өстік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қаржы министрі Мехмет Шимшек Түркияның 2.9 пайыз өсу көрсеткішімен жаһандық деңгейде тізімде жоғары орын алғанын мәлімдеді. Шимшек болымсыз коньюнктураға қарамастан экономиканың өткен жылы да өсу процесін жалғастырғанын атап айтты. 2.9 пайыздық өсумен Латын Америка, Еуропа және даму жолындағы мемлекеттерді артта қалдырған Түркия осылайша 21 ширектен бері үздіксіз өсіп келеді. Арту жылдамдығы болса 11 пайызға ұласты. Адам басына шаққанда ұлтты табыс 22 мың 753-ке жетіп экономика күші 1 триллион 750 миллиард лираға жетті.
Хүррийет газеті «Биржа Стамбұлда Ұлыссевер кезеңі басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Биржа Стамбұлдың (BIST) жаңа Атқару комитеті төрағасы ретінде Талат Ұлыссевер сайланды. Ұлыссевер кеше өткен Кезектен тыс 2-ші Жалпы кеңес жиналысында 2018 жылдың 31 наурыз күніне дейін аталмыш қызметке сайланды. Биржа Стамбұлдың бұрынғы Атқару Кеңесі төрағасы және Бас директоры Ибрахим Туран болса маусым айында өтетін жалпы халық сайлауда үміткер болу үшін отставкаға кеткен болатын.
Хабертүрік газеті «3 министрлік үйде денсаулық сақтау қызметі береді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрлігі Жанұя және әлеуметтік саясаттар министрлігі және Ішкі істер министрлігі үйде денсаулық қызметі хаттамасына қол қойды. Үйде денсаулық қызметі қабылдаған мұқтаж науқастар әртүрлі мекемелер қамтамасыз еткен әлеуметтік жәрдемдерден пайдалана алады.
Миллийет газеті «Зейнептен 9 рекорд» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық жүзушіміз Зейнеп Гүнеш Испания ашық жүзу чемпионатында 9 жаңа Түркия рекорды жасап, 2 олимпиада категориясынан өтті. Гүнеш 1 алтын, 1 күміс, бір де қола медальға қол жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар