28.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

285099
28.03.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Йемен соғысы көпке созылмайды» деген тақырыппен хабар жариялаған. 29 мүшелі Халықаралық Энергия агенттігі атқару комитеті басшылығына сайланған тұңғыш түрік болып табылатын Фатих Бирол әлемдік энергия тасымалының маңызды жерінде орналасқан Йемендегі соғыстың әсерін газетке айтып берді. Газеттің жазғанына қарағанда Бирол энергия саудасында стратегиялық тұғырдағы Йеменде соғыстың көпке бармайтынын болжап отыр. «Таяу Шығыс әлемнің энергия жүрегі болуды жалғастырады» деді ол.
Стар газеті шетелден келген жұмысшылар тақырыбына орын берген.
2008 жылғы жаһандық дағдарысымен бірге елдердегі компаниялар жүз мыңдаған қызметкерін жұмыстан шығарған кезде Түркия сынды даму жолындағы елдер болса әлемнің жұмыс қақпасына айналды. Түркия өткен жылы жұмыс істеу үшін отанынан кеткен 52 мың шетелдік азаматқа жұмыс тапты. Соңғы 12 жылда 224 мың шетелдік қызметкерлер Түркияда жұмысқа орналасты. Ең көп қызметкер Грузиядан келді. Түркияда болса азаматтар ең көп Ресейге кетті.
Сабах газеті «Түркия Экспоның алғашқы бестігінде» деген тақырып қолданған.
Хабарға қарағанда, Экспо Милан 2015 көрмесі «Ғаламшарды тамақтандыру, өмір үшін энергия» ұранымен 1 мамыр күні қақпасын ашады. 145 ел қатысатын көрмеде азық-түлік және тамақтану тақырыптарындағы тәжірибе бөліседі. Көрмеде 4мың 170 шаршы метрлік алаңға орналасатын Түркия Экспоның ең ірі бесінші стендін құрады.
Ватан газеті авиация саласынан бір жаңалыққа орын берген. TAV компаниясы Америка Құрама Штаттары «duty free» нарығына Хьюстоннан кірді. TAV әуежайлары «Atü Duty Free» тендерден жеңіп шығып, Тексас штатындағы Хьюстон Джордж Буш әуежайындағы шамамен 700 шаршы метрлік «duty free» алаңын 10 жыл бойы игеру құқығына ие болды.
Сабах газеті «Каялар әлемді бояйды» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Түркия және Еуропадағы инвестицияларымен назар аударған Каялар Химия атты түрік компаниясы екі құрлықта екі жаңа база ашады. 2012 жылы Малага қаласы маңында Гралса атты бояу зауытын Испаниялық компаниядан сатып алған компания енді Азияның оңтүстігі мен Африканың орталығында инвестиция жасайды. Компанияның атқару комитеті басшысы Эрсин Каялар бояуларын 4 құрлықта сататындарын айтты.
Миллиет газеті «Жаһандық жылынуға қарсы «қараңғылық» деген тақырыппен хабар жариялаған. Бүкіл дүние жүзінен адамдар қолдау көрсеткен «Әлем сағаты» акциясына биыл Түркиядан көп адам қатысады деп күтілуде. Бүгін сағат 20.30 бен 21.30 арасында әуежайлары мен ұлттық сарайлардың жарығы сөндіріледі.
Хабер Түрік газетінің хабары «Тоқтап тұрған жүректі істетіп, бір түрікке салды» деп аталады.
Ағылшын хирургтер қайтыс болған ағылшын бір азаматтың жүрегін арнайы жиһазда жұмыс істеткізіп, түрік науқасқа салды. Туғалы жүрек ауруымен ауыратын 60 жасар Хүсейін Улуджанның денсаулығы жақсы. Осы операция Еуропада жаңалық болып есептеледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар